Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Трамптың рейтингі төмендеді

Трамптың рейтингі төмендеді

АҚШ президенті Дональд Трамптың қолдау рейтингі 43 пайызға дейін төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл – оның мемлекет басшысы қызметіне қайта оралғаннан бергі ең төменгі көрсеткіш. Бұл сауалнаманы Reuters агенттігі мен IPSOS зерттеу компаниясы бірлесіп жүргізген.

Сауалнама соңғы үш күн ішінде жүргізіліп, 2025 жылғы 2 сәуірде аяқталды. Нәтижесінде Трамптың президент ретіндегі қызметіне деген қолдау деңгейі 2025 жылғы 21–23 наурызда жүргізілген алдыңғы сауалнамаға қарағанда 2 пайызға, ал 2025 жылғы 20 қаңтарда екінші мерзімге кіріскеннен кейінгі алғашқы күндері тіркелген 47 пайызбен салыстырғанда 4 пайызға төмендегені анықталды.

Агенттіктің мәліметінше, Трамптың ең жоғары рейтингі – 49% – 2017 жылдың қаңтарында, ол алғаш рет президент қызметіне кіріскен кезде тіркелген. Ал оның алғашқы президенттік мерзіміндегі ең төменгі көрсеткіш 2017 жылғы желтоқсанда тіркеліп, 33 пайыз ғана болған. Дегенмен қазіргі рейтинг оның бірінші мерзімінің көп бөлігіндегі көрсеткіштерден жоғары болып тұр.

Трамптың алдында президент болған Демократиялық партияның өкілі Джо Байденнің ең төменгі рейтингі 35% болған. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың қарашасында өткен президент сайлауының алдындағы кезеңде тіркелген.
03 сәуір 2025 ж. 9 953 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031