Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Трамптың криптовалютасы бір тәулікте мың есе өсті

Трамптың криптовалютасы бір тәулікте мың есе өсті


АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп 18 қаңтарда өзінің ресми $TRUMP мемкоинін шығарғанын хабарлады. Бұл криптовалюта бірнеше сағат ішінде нарықтық құны 5,5 миллиард долларға жетті, - деп хабарлайды
Massaget.kz тілшісі.
"Менің жаңа ресми трамп мемкоинім шығарылды", — деп жазды ол.
Жарияланымға сайланған президент мемкоин сатып алуға болатын Trump Meme атты парақшаға сілтеме қосты.
$TRUMP монетасы Solana блокчейнінде орналастырылған және оның 80%-ы Трамп ұйымымен байланысты CIC Digital LLC және Fight Fight Fight LLC компанияларына тиесілі. Алғашқы күні 200 миллион токен шығарылды, ал келесі үш жыл ішінде жалпы саны 1 миллиард токенге жетеді деп жоспарланып отыр. 
Трамптың бұл бастамасы криптовалюта индустриясында әртүрлі пікірлер тудырды. Мысалы, Трамп әкімшілігінің бұрынғы Ақ үйдің коммуникациялар директоры Энтони Скарамуччи бұл қадамды "Иди Амин деңгейіндегі сыбайлас жемқорлық" деп атап, криптовалюта саласына кері әсерін тигізуі мүмкін екенін айтты.
Айта кетейік, 20 қаңтар Трампты ұлықтау рәсімі өтеді. АҚШ-та TikTok Трамптың инаугурациясына бір күн қалғанда бұғатталды.
19 қаңтар 2025 ж. 330 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031