Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Трамптың инаугурациясына Қазақстан атынан кім барады?

Трамптың инаугурациясына Қазақстан атынан кім барады?

Фото: gov.kz
Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың инаугурациясына Қазақстан атынан кім қатысатынын айтты, - деп хабарлайды
Massaget.kz тілшісі.
20 қаңтарда Вашингтонда өтетін рәсімге Қазақстан атынан АҚШ-тағы елші Ержан Ашықбаев барады.
Ержан Ашықбаев 2021 жылғы 5 сәуірден бастап Қазақстанның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарады. 2013 жылдан 2021 жылға дейін сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды.
Инаугурация - АҚШ-тағы президенттік билікті берудегі маңызды сәт. Осы ресми рәсім кезінде қазіргі президент өз өкілеттігін келесі президентке береді.
Президент сайлауы туралы не белгілі?
2024 жылы 5 қарашада Америка Құрама Штаттарында президент сайлауы өтті. Негізгі кандидаттар республикашылар атынан Дональд Трамп және демократтар атынан Камала Харрис болды. Бұл - елдің 47-ші президенті сайланатын 60-шы президенттік сайлау.
Трамп Вашингтон уақыты бойынша түнгі сағат екіде (Астана бойынша сағат 12:00-де) сайлаудың жеңімпазы деп жарияланды. Ол барлық негізгі штатта жеңіске жетті.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тағы алғашқы сайлау учаскелері жабылғаны хабарланды. Кейін Associated Press мынадай статистика келтірді: Трампта 230 дауыс, Харристе 187 дауыс. Мұндай деректерді "Америка дауысы" да келтірді: 230 және 179 дауыс.
Сонымен қатар Трамп негізгі жеті штаттың алтауында көш бастады.
Артынша Дональд Трамп Флоридада жақтастарының алдында сөз сөйлеп, сайлаудағы жеңісін жариялады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттары президентінің сайлауында айқын жеңіске жеткен Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады. Сарапшылар бұл Қазақстан экономикасына қалай әсер ететінін айтты.
Анықтама: Сайлауда америкалықтар жаңа президентті ғана емес, вице-президентті, конгрестің 468 мүшесін, 11 штаттағы губернаторларды, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарына өкілдерді анықтады.
17 қаңтар 2025 ж. 245 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 116

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 115

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 112

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 99

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930