Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ана мен бала саулығына жауаптылар

Ана мен бала саулығына жауаптылар


Ана мен бала денсаулығы – медицина саласының ең өзекті әрі көкейкесті мәселесі екені анық. Бұл – ұлт байлығы, елдің баянды болашағы, мемлекеттің ертеңгі жарқын күні ана мен бала денсаулығына тікелей байланысты.
«Жаны саудың – тәні сау» деп бекер айтылмаған. Бұл үшін аудандағы дәрігерлер заман талабына сай халыққа тиесілі қызметтерін атқаруда. Солардың қатарында Қазалы теміржол емханасы адам өмірі мен денсаулығы үшін қалтқысыз еңбек етіп келеді.
Бүгінде мұнда ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімі қызу жұмыс істеуде. Онда әйелдер қабылдау және дені сау бала бөлмесі, ресурстық орталық, жас ана мектебі, катанамнез бен патронаждық кабинеттер бар. Ана мен бала бөлімінде атқарылып жатқан жұмыстар жеткілікті. Ел болашағы ана мен бала денсаулығын жақсартуда ақхалаттылардың еткен еңбегі зор.
– Дені сау бала бөлмесінде бала жасына сай 6 айдан бастап, 3 жасқа дейінгі балалар ойыншықтармен түрлі-түсті кітапшалар және де 1 айдан – 3 жасқа дейінгі балаларға аудиологиялық аппарат іске қосылған. Ана сүтінің маңыздылығы тақырыбында ұдайы семинар сабақтар жүргізіліп тұрады. Ана сүтімен қоректенудің маңыздылығы, нәрестені анасының омырауына дұрыс салу техникасы, ана омырауында нәрестенің дұрыс орналасуы жөнінде кеңес беріледі, – дейді ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің меңгерушісі Жаңагүл Елубаева.
Оның айтуынша, жас ана мектебінде ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер мен жүкті әйелдерге құнарлы тамақтану және күтім, босануға дайындық, босанғаннан кейінгі күтім, контрацепция, ана сүтінің маңыздылығы туралы кеңінен түсіндіріледі.
Ресурстық орталықта 6 айдан – 3 жасқа дейінгі балалардың құнарлы тамақтануын үй жағдайында нәрестеге қажет ыңғайлы ботқалар мен сусындар түрлері ата-анасына түсіндіріледі.
Әйелдер қарау бөлмесінде туу жасындағы әйелдердің денсаулығын бұйрық бойынша ауруын тексеріп-анықтап, әрі қарай емдеу сауықтыруға жіберіледі. Жүкті әйелдерді уақытылы есепке алып, терапевт, психолог, окулист, стомотолог мамандарына жолданады. Диагнозына байланысты қатаң бақылауға алады. Мамандар тарапынан аяғы ауыр әйелдің уақытылы келіп тұруы қадағаланады. Әйелдер кеңесі кабинетінде ультрадыбыстық зерттеу эксперт класс аппараты, кардиотокография, кольпоскоп, гистероскоп құрылғылары бар. Олардың денсаулығын диагностикалау, емдеу-сауықтырылуы мақсатында Қазалы теміржол емханасында жан-жақты жағдай жасалған.
– Патронаждың әмбебап прогрессивті моделі кезінде міндетті жоспарланған үйге барулармен қатар баланың өмірі мен денсаулығына немесе дамуына әсері бар медициналық болмаса әлеуметтік қауіптің болуына байланысты ерекше қолдауды қажет ететін жүкті әйелдерге, нәрестелер мен балаларға арналған жұмыстар атқарылады. Жасына сай сөйлеу қабілеті жетілмеген балаларға, логопед кабинеті де қызмет көрсетеді. Кабинетте балаларға барлық жағдай қарастырылған. Скрининг бойынша туылғаннан 3 жасқа дейінгі балалардың есту қабілетін анықтау мақсатында аудиологиялық аппараты бар. Қауіпті топтағы балалар және шала туылған балаларға дамуын ары қарай бақылау мақсатында катамнестикалық кабинет жұмыс істейді, – дейді ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің меңгерушісі.
Жаңагүл Сарқытқызы ана мен бала денсаулығын қорғауға барынша күн салу керектігін алға тартты.


Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
01 сәуір 2025 ж. 185 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930