Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сау ана мен бала – ұлт байлығы

Сау ана мен бала – ұлт байлығы

Жаны саудың тәні сау деп бекер айтылмаған. Бұл үшін аудандағы дәрігерлер заман талабына сай халыққа күн-түн деместен тиесілі қызметтерін атқаруда. Солардың қатарында Қазалы теміржол емханасы адам өмірі мен денсаулығы үшін қалтықсыз еңбек етіп келеді.
Қазіргі таңда мұнда Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімі қызу жұмыс істеуде. Онда әйелдер қабылдау және дені сау бала бөлмесі, ресурстық орталық, жас ана мектебі, катанамнез бен патронаждық кабинеттер бар. Ана мен бала бөлімінде атқарылып жатқан жұмыстар шаш етектен. Ұлт болашағы ана мен бала денсаулығын жақсартуда ақхалаттылардың еткен еңбегі зор.
– Дені сау бала бөлмесінде бала жасына сай 6 айдан бастап 3 жасқа дейінгі балалар ойыншықтармен түрлі-түсті кітапшалар және де 1 айдан 3 жасқа дейінгі балаларға аудиологиялық аппарат іске қосылған. Ана сүтінің маңыздылығы тақырыбында ұдайы семинар сабақтар жүргізіліп тұрады. Ана сүтімен қоректенудің маңыздылығы, нәрестені анасының омырауына дұрыс салу техникасы, ана омырауында нәрестенің дұрыс орналасуы жөнінде кеңес беріледі, – дейді Ана мен бала денсаулығын қорғау орталығының меңгерушісі Шара Байбазарова.
Оның айтуынша, жас ана мектебінде ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдермен жүкті әйелдерге құнарлы тамақтанумен, болашақ аналарға жүкті әйел күтімі, босануға дайындық, босанғаннан кейінгі күтім, контрацепция, ана сүтінің маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Ресурстық орталықта 6 айдан 3 жасқа дейінгі балдардың құнарлы тамақтануын үй жағдайында нәрестеге қажет ыңғайлы ботқалар (каша) мен сусындар түрлері ата-анасына түсіндіріледі.
Әйелдер қарау бөлмесінде туу жасындағы әйелдердің денсаулығын №92 бұйрық бойынша ауруын тексеріп-анықтап әрі қарай емдеу сауықтыруға жіберіледі. Жүкті әйелдерді уақытылы есепке алып терапевт, психолог, окулист, стомотолог мамандарына жолданады. Диагнозына байланысты қатаң бақылауға алады. Мамандар тарапынан аяғы ауыр әйелдің уақытылы келіп тұруы қадағаланады. Әйелдер кеңесі кабинетінде Ультрадыбыстық зерттеу эксперт класс аппараты, кардиотокография, кольпоскоп, гистероскоп құрылғылары бар. Олардың денсаулығын диагностикалау, емдеу-сауықтырылуы мақсатында Қазалы теміржол емханасында жан-жақты жағдай жасалған.
– Патронаждың әмбебап прогрессивті моделі кезінде міндетті жоспарланған үйге барулармен қатар баланың өмірі мен денсаулығына немесе дамуына әсері бар медициналық болмаса әлеуметтік қауіптің болуына байланысты ерекше қолдауды қажет ететін жүкті әйелдерге, нәрестелер мен балаларға арналған жұмыстар атқарылады. Жасына сай сөйлеу қабілеті жетілмеген балаларға, логопед кабинеті де қызмет көрсетеді. Кабинетте балаларға барлық жағдай қарастырылған. Скрининг бойынша туылғаннан 3 жасқа дейінгі балалардың есту қабілетін анықтау мақсатында аудиологиялық аппараты бар. Қауіпті топтағы балалар және шала туылған балаларға дамуын ары қарай бақылау мақсатында катамнестикалық кабинет жұмыс жасауда, – дейді Шара Байбазарова.
Ана мен бала денсаулығы медицина саласының ең өзекті әрі көкейкесті мәселесі екені хақ, ұлт байлығы десе де артық емес. Халықтың баянды болашағы, мемлекеттің ертеңгі жарқын күні ана мен бала денсаулығының қандай болмағына тікелей байланысты.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
14 ақпан 2023 ж. 162 0

Отыз жылдық белес

30 қараша 2024 ж. 8

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930