Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерекше қажеттілігі барларды алып жүруші пойыз билетін жеңілдікпен алатын болады

Ерекше қажеттілігі барларды алып жүруші пойыз билетін жеңілдікпен алатын болады

Фото: Pexels
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне қарасты Теміржол және су көлігі комитеті ерекше қажеттілігі бар адамдарды ертіп жүретін жолаушыларға пойыз билеттерін 50% жеңілдікпен беру туралы ұсыныс жасады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Ендігі кезекте, ұсыныс мақұлданған болса, 1, 2 топ мүгедектігі бар адамдарды және ерекше қажеттілігі бар балаларды алып жүрушілер пойыз билеттерін 50% жеңілдікпен алатын болады.
Сонымен қатар, ерекше қажеттілігі бар жолаушылардан денсаулық жағдайын растайтын құжаттар талап етілмейді. Барлық қажетті деректер арнайы базадан тексерілетін болады. Бұл жаңашылдық жолаушылардың құқығын қорғауды көздейді.
Жаңа ережелер мақұлданған жағдайда 2025 жылдың екінші жартысында жүзеге аса бастайды.
"Жолаушылардың ыңғайлы жүруін қамтамасыз ету мақсатында отандық «ЗИКСТО» зауытымен 157 жаңа жолаушылар вагонын жеткізу туралы келісім жасалды. Оның ішінде 14 вагон мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейімделген. Биыл 4 вагон пайдалануға берілді, тағы 10 вагон жыл соңына дейін іске қосылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, 2025-2030 жылдар аралығында «Штадлер – Қазақстан» зауытымен жасалған келісім аясында елімізге тағы 557 жолаушылар вагоны жеткізіледі. Оның 35-і ерекше қажеттілігі бар жолаушыларға арналған арнайы купелермен жабдықталады", – делінген ҚР Көлік министрлігі ресми хабарламасында.
Теміржолмен қатар, вокзал инфрақұрылымын да мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жасақтау қолға алынады. Вокзалдарды жаңғырту аясында пандустар орнатылып, арнайы көтергіш құрылғылар енгізіледі, бағыттаушы жолақтар салынады.
19 наурыз 2025 ж. 454 0

Балаларға шаттық сыйлаған күн

28 желтоқсан 2025 ж. 124

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031