Құрылыс – қарқынды, аудан – тартымды

Облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов жұмыс сапарымен ауданға келді. Мұнда ол «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы 300 орындық мектеп пен «Руханият» орталығының құрылыс жұмыстарымен танысты.
Алдымен ол аудан басшысы Мейрамбек Шермағанбетпен бірге Жанқожа батыр ауылына барып, мектеп құрылысын көрді. Қазір ұлттық жоба аясында салынып жатқан білім ордасының құрылыс жұмыстары толықтай аяқталуға жақын. Бүгінде ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстары мен қажетті жабдықтарын орнату, сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Одан соң аудан орталығындағы «Руханият» орталығына келіп, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Қазіргі таңда ғимараттың ішкі инженерлік желілерін орнату мен сылақ жұмыстары толықтай бітіп, ғимараттың сырты қапталып жатыр. Облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов салынып жатқан құрылыс нысандарының алдымен сапасына аса мән беріп, құрылысты жеделдетуді тапсырды.
Айта кеткен жөн, 2023 жылдың қыркүйек айында басталған мектеп құрылысы наурыз мерекесі қарсаңында ауыл халқының игілігіне пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Ал нысанға жауапты мердігер – «Асар» ЖШС.

Айнұр ӘЛИ