Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда мәйітті сойып тексермей-ақ себебін анықтайтын технология енгізіледі

Қазақстанда мәйітті сойып тексермей-ақ себебін анықтайтын технология енгізіледі

Сот-сараптамалық орталығының мамандары осы әдісті қолданып жатқан елдерге іссапарға барып, әдістің пайдасы мен зиянын зерттеп жүр.  
Фото: medgrade.pro
Елімізде өмірден озған адамның өліміне не себеп болғанын анықтау үшін виртуалды аутепсия қолдану мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 
"Технологияның дамуы жағдайында виртуалды аутопсияны қолдану мүмкіндігі пайда болады. Виртуалды аутепсия - бұл дененің егжей-тегжейлі проекциясын алу үшін КТ сканері арқылы адамның инвазивті емес аутопсиялары орындалатын жаңа медициналық технология. Құқық қорғау органдарының мәйітті сот-медициналық сараптау кезінде сарапшылардың алдына қоятын негізгі міндеті - өлімнің себебін анықтау. Зерттеу енгізілетін болса кей жағдайларда мәйіттерді сойып тексерудің қажеттілігі болмайды. Кей жағдайларда ұлттық және діни салт-дәстүрлерге сүйеніп қаза болған адамның жақындары мәйітті кеспеуді сұрайды", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Оның атап өтуінше, виртуалды аутопсия әдісі белгілі бір дәрежеде Швейцарияда, Ұлыбританияда, АҚШ-та, Үндістанда, Жапонияда, Швецияда, Норвегияда, Түркияда, Сауд Арабиясында, Ресейде қолданылады.
"Қазақстанда қолданыста жоқ. Оны енгізсек деп зерттеп жатырмыз. Сот-сараптамалық орталығының мамандары осы әдісті қолданып жатқан елдерге іссапарға барып, әдістің қандай пайдасы, зияны барын зерттеп жатыр. КТ сканері – өте қымбат құрылғы. Сондықтан қандай құрылғыны қай елден дұрыс деген мәселе пысықталып жатыр. Ұлттық салт-дәстүрімізге, діни наным-сенімімізге байланысты азаматтар мәйітті кеспеуді сұрап жатады. Бірақ сараптама жүргізетін мамандар заң алдында жауап береді. Сондықтан мәйітті кесу арқылы жүргізілетін бұл сараптаманың жүргізілуі міндетті", - деді Талғат Уәли.
12 наурыз 2025 ж. 81 0

Үш өңірде ауа ластанады

12 наурыз 2025 ж. 84

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31