Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Отбасы банк ипотекасын мақұлдағандардың жартысы баспана таба алмаған

Отбасы банк ипотекасын мақұлдағандардың жартысы баспана таба алмаған

Отбасы банкінің "Отау" және "Наурыз" ипотекалық бағдарламалары бойынша мақұлдау алған 20 мың клиенттің 10 мыңы барлық талаптарға сай келетін баспана таба алмады. банк басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов "Крыша Новостройки" конференциясында баспана тапшылығы себеп болды деп түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
"Белгілі бір класта, сегментте… Адамдар 25-30 миллион теңге аралығындағы баспананы сұрайды. Бірақ мұндай санаттағы үйлер Павлодарда, Жезқазғанда, Қызылордада, Батыс Қазақстанда өте аз. Алматы мен Астанада да белгілі бір кезеңдерде баспана тапшылығы қатты сезіледі. Бірақ жылдың соңына қарай, бақытымызға орай, жағдай тұрақтанады", – деді Ақшанов.
Отбасы банк өкілінің айтуынша, белгілі бір санаттағы баспана тапшылығының туындауына ипотекалық бағдарламалардың небәрі бір жыл ғана жұмыс істеп жатқаны әсер еткен. Себебі құрылыс компанияларына жаңа талаптарға бейімделу үшін уақыт қажет.
"Құрылыс нарығын тез өзгерту оңай емес. Оларға жер телімдері, жобалау, құрылыс жұмыстары қажет. Біз бұл бағдарлама жеті жылға созылатындықтан, келесі жылдары нарық осы сұранысқа қарай бейімделеді деп үміттенеміз", – деді сарапшы.
"Отау" бағдарламасына қазақстандықтар 2024 жылдың 1 наурызы мен 31 қазаны аралығында өтініш бере алды. Ал "Наурыз" ипотекалық бағдарламасы 25 сәуірден 31 қазанға дейін қолжетімді болды. Екі бағдарлама бойынша да негізгі қарыз алушылар үшін несиелендіру мөлшерлемесі 9%-ды, ал алғашқы жарна баспана құнының 20%-ына тең. Республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарында тек жаңа салынған үйлерді сатып алуға рұқсат етілді. Басқа елді мекендерде мұндай шектеу болған жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы Kokjiek City тұрғын үй кешенінің тұрғындары төзгісіз жағдайларға шағымданды. Бес үй өткен жылдың соңында пайдалануға берілген. Алайда пәтер иелері үйдің сапасына көңілі толмайтынын айтады. Тұрғындар жарық пен жылудың жиі өшіп қалатынына да наразы.

07 наурыз 2025 ж. 452 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 106

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031