Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді "Декретке миллионмен" шыққандарға қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

Енді "Декретке миллионмен" шыққандарға қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

2024 жылы 1,4 млн азаматқа 958 млрд теңге төленді. Алайда кейбір азаматтар заңнамалық олқылықтарды пайдаланып, әлеуметтік төлемдерді жасанды түрде арттыруға тырысқан.
ФОТО: ЖИ
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова министрліктің кеңейтілген алқа отырысында айтты, Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, жүктілік және босануға қатысты төлемдерге шектеу қойылмағандықтан, кей азаматтар табысын жасанды түрде көбейтіп, жоғары мөлшерде төлем алу үшін түрлі заңсыз схемаларға жүгінген. Бұл жүйеге адал қатысушылардың әлеуметтік аударымдарын қайта бөлуде әділетсіздікке әкеп соғады, – деді министр.
Министрдің айтуынша, 113 келіншектің заңсыз жолмен алған төлем сомасы 158,4 млн теңгені құраған. Бұған қоса, 2024 жылдың қыркүйегінен бері 1,5 мыңға жуық азамат өз еркімен табысын жасанды түрде көбейткенін мойындап, мемлекетке 3,4 млрд теңгені қайтарған. Министрлік бұл мәселені шешу үшін заңнамалық бастамалар топтамасын әзірлегенін мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа реформалар алдағы 10 жылда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
28 ақпан 2025 ж. 229 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 106

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 104

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 102

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 92

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930