«Заң және қоғам» тақырыбындағы ашық пікір алаңы өтті
«Заң және тәртіп» идеологиясын орындау жөнінідегі кешенді жоспарды қалыптастыруға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес бүгін жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Заң және қоғам» атты ашық пікір алаңы өткізілді.Шараға Қазалы АПб-нің ЖПҚб-нің ЮПт-нің упи-і инспекторы полиция аға сержанты А.Қазыбеков, Отбасын қолдау орталығының бөлімше басшысы Жақсыбаев Талғат Олжабайұлы және Қазалы гуманитралық-техникалық колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Роза Каракулова қатысты.
Шара соңында студенттер өз ойларын ортаға салып, қазіргі жастар арасындағы өзекті мәселе жайлы мамандардан сұрақтарына тұщымды жауап алды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат













