Жол құрылысындағы нормативтерге өзгеріс енгізілді

Осыған орай «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК мен Қызылорда облысының әкімдігі бірлесіп, сала мамандарына семинар тренинг өткізді.
Сыр өңіріндегі алқалы жиынға Елордадан мемлекеттік кәсіпорынның сапаны бақылау департаменті директоры Қуаныш Төлеуханов және сарапшы мамандар арнайы келді.
Дөңгелек үстелге облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Жәнібек Сыздықов модератор болды. Сондай-ақ, жол саласына жауапты қалалық, аудандық әкімдіктің бөлім басшылары, ауылдық округтардан жауапты мамандар қатысты. Биылғы жаңалық ведомстволық сараптаманың талаптары өзгерді. Онда жол салушы мердігердің міндеттері, техникалық қадағалаушының қызметі, тапсырыс берушінің құзыретіне қатысты бірқатар өзгертуенгізілген. Яғни, әр тарапқа жауапкершілік жүгі арта түскен. Әсіресе, техникалық қадағалаушылар жолдың сапасын бақылап, кемшіліктерді дер кезінде анықтап, олқылықты түзетіп отыруы керек. Сондай-ақ, жаңадан салынған жолды қабылдап алу кезінде тапсырыс берушілер де норматив талаптарын ескеруі тиіс. Міне, осы бағытта ұлттық орталық өкілдері жан-жақты мағлұмат беріп, жаңа нормаларды кеңінен түсіндірді.
Жалпы елімізде жолдардың сапасын жақсарту үшін бір орталықтың жұмысы жеткіліксіз. Сондықтан, жол-көлік логистикасын дамыту баршаға ортақ міндет. Сол себепті, жол құрылысындағы нормативтік талаптарды жергілікті атқарушы органдағы салаға жауапты әрбір маман білуі тиіс.