Деген екен

Бозкөл ауылында өмір сүрген Жұмахан Сауқымов есімов есімді азамат өмір сүріген. Тілге шешен, орынды сөз тауып, айналасын уытты қалжыңдарымен қағытып жүретін қағытпалары ел арасында сақталған. Газетіміздің бүгінгі санына солардың бірақатарын жариялап отырмыз.
Бестен кейін "мамамын"
Ауылдың машина-трактор ауласында қарауыл болып істейтін Жүкең совхоз директорының үйімен қабырғалас көрші тұрады екен. Тәртіп қатты талап етілетін тұс. Кейде үй шаруасымен белгілі уақытта жұмыстан табылмаса, кейде жазғы күннің ыстығын қиынсынып, көлеңкеде паналап отырады. Сондай күндердің бірінде бір нәрсе сұрағысы келген баласы:
– Папа! – деп дауыстаса, Жұмахан:
– "Папа" деме, ойбай, бестен кейін мен мамамын деп көршісінің үйін саусағымен нұсқапты.
Данышпаным-ай, білген екенсің ғой...
Жұмахан аң, балық аулауға өте бейімді кісі екен. Бірде ертемен балық аулауға бара жатқанда, әйелі Рәпила алып бара жатқан дорбасын көріп, үлкен қап ала баруын айтады. Мұны естіген отағасы ашуға мініп:
– Немене, қап алып барып, мен көлді көшіріп алып келеді дейсің бе? – депті. Сол күні ауа райына байланысты балықшылар бір жерде жиналған мол балыққа кенеліпті. Алып келген ыдысы аздық еткенде, Жүкең басын шайқап:
– Ай, данышпаным-ай, білген екенсің ғой. Тыңдауым керек еді, – деп өкініпті.
Күліп келіп, жылап қайтқанды қойыңызшы
Жұмаханның ағасы Сейілхан ұзақ уақыт совхоздың малын бағып, сыртта жүреді. Ауылға анда-санда табаны тигенде думаншыл, сауыққой, ақкөңіл кісі жақындарымен мауқымын басып, кетерінде: – Сендер елдің ортасында отырсыңдар. Мен айдалада өмір сүріп жатырмын, – деп қимай жылайды екен. Сондайда Жүкең жұбатпақ болып:
– Ой, аға-ай, осы ауылға күліп келіп, жылап қайтқаныңызды қойыңызшы, – дейді екен.
Дайындаған: Алтын МЕЙІРХАНОВА