Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық полицейлер әлемдік додадан оралған жеңімпаз әріптесін күтіп алды

Қызылордалық полицейлер әлемдік додадан оралған жеңімпаз әріптесін күтіп алды

Қызылорда облысы Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы Қызылорда қаласының әуежайында Дубайда өткен SWAT Challenge халықаралық жарысынан жеңіспен оралған полицей қызды анасымен бірге күтіп алды. Еліміздің мәртебесін асқақтатқан әріптесін құттықтап, құрмет көрсетті.
Спортшы полицейді әуежайдан құшақ толы гүл шоқтарымен және көтеріңкі көңіл – күймен қолдаушылары мен әріптестері оркестрмен күтіп алды.
«Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында арнайы күштердің VI халықаралық турнирі өткен болатын. Жоғарыда аталған байрақты бәсекеге біздің әріптесіміз жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың инспекторы полиция капитаны Төлекова Лаура Қарабекқызы Ішкі істер министрлігінің арнайы мақсаттағы бөліністерінің әйел қызметкерлерінен құралған «Томирис» командасының құрамында үздік өнер көрсетіп, 5 күнге созылған халықаралық жарыста командалық есепте 2-орынға ие болды. Біз әріптесіміз Лаураның жеңісімен мақтанамыз, Лаура Қызылорда облысы Полиция департаментінің ғана емес, халықаралық аренада еліміздің намысын абыроймен қорғап келді. Жеңісіміз құтты болсын!» - деді ризашылығын білдірген Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі О.Омаров.
13 ақпан 2025 ж. 238 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031