Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Арал ауданында болды

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Арал ауданында болды

Арал ауданында «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің Солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобасы талқыланған мәжіліс өтті. Оған ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Парламент Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов, облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов, аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев, аталған министрліктің өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың, су шаруашылығы саласының басшылары, мамандары мен ардагерлер қатысты.
Бахыт Жаханов аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталып, жиынға төрағалық етті.
Министр су шаруашылығында атқарылған жұмыстарды атап өтіп, алдағы міндеттерді айқындады.
«Біз су үнемдеу, трансшекаралық өзендердегі су ресурстарын әділ бөлу мәселесінде көршілес елдермен өзара түсіністікке қол жеткізіп, нақты қадам жасадық. Алдағы уақытта да осындай келіссөздерді жалғастырып, су қоймаларының деңгейін тұрақты ұстап тұруға бар күшімізді саламыз. Жоба ең алдымен өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға, балық шаруашылығы мен туризмді дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған», - деді Н. Нұржігітов.
«Өңірлік дамыту және Арал теңізінің Солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобасының 3 негізгі компоненті бар. Соның 2-еуі Қызылорда облысында тұрақты экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қызметті қолдауға арналған.
Екінші компоненттің бес бағыты – балық шаруашылығы, туризм, жасыл белдеу құру, егін және мал шаруашылығы. Оған 39 жоба енгізілген, 13-ін Халықаралық «Аралды құтқару қорының» атқарушы дирекциясы, 13-ін жергілікті әкімдіктер, 4 жобаны Балық шаруашылығы ғылыми зерттеу орталығының Арал филиалы, 3 жобаны Ы.Жахаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, 6 жобаны әртүрлі ұйымдар, жеке тұлғалар ұсынған. Жобалар іске асқан жағдайда 1927 адам тұрақты жұмыспен қамтылуы жоспарланған.
Солтүстік Арал теңізінде су жинақтаудың көлемі мен тиімділігін арттыру, су ресурстарын басқаруды жақсарту, балық шаруашылығы мен экотуризмді дамыту, өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша маңызды бастамалар төңірегінде сөз сабақтаған сала мамандары қатарында Парламент Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов, Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков, Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі комитет төрағасы Сейілбек Нұрымбетов, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов, Халықаралық "Аралды құтқару қорының" Қазақстан Республикасындағы дирекциясының атқарушы директоры Серікәлі Мұхатаев, Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы Арал филиалының директоры Тынысбек Барақбаев, Қаз ССР Балық шаруашылығы министрі қызметін атқарған ардагер Құдайберген Саржанов және осы жоба бастамашысы, эколог жазушы Сайлаубай Жұбатырұлы бар.
Жиында қуаты арттырылатын «Көкарал» бөгетінің су деңгейін 46 метрден 50-51 метр биіктікке дейін көтеру туралы ұсыныс айтылды.
Н.Нұржігітов ұсыныстар жан-жақты талқыланып, тиімділігі сала мамандарымен бірге сараланатынын жеткізді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
12 қаңтар 2025 ж. 225 0

Абайлаңыз айыппұл!

12 қаңтар 2025 ж. 37

Ауыл кәсібін өрлеткен

11 қаңтар 2025 ж. 78

«Есірткі жайлы ертегі»

10 қаңтар 2025 ж. 148

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031