Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаны жайсаң жан еді

Жаны жайсаң жан еді

Ер ел үшін туады. Қай кезде де қазақ топырағында жұртын жан-тәнімен, бар болмыс-бітімімен шын жақсы көрген азаматтар аз болмаған. Оның ішінде тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалауға зор атсалысқан, егеменді елдің ертеңі үшін аянбай тер төккен Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың есімін ерекше атап өтуіміз қажет.
«Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деп алаш қайраткері Әлихан Бөкейханов айтпақшы, Бердібек Машбекұлы қазақ ұлтын сүйген, оның тыныс-тіршілігіне адал қызмет жасаған тұлға. Қандай биікке көтерілсе де, нендей қызметтің құлағын ұстасада үнемі халықпен бірге болды.
Бүгінде ел ішінде «Сапарбаев феномені» деген тіркес бар. Расыменде тәуелсіз қазақ топырағында Бердібек Машбекұлы сынды «кризис-менеджерлер» некен-саяқ. Егемендіктің алғашқы асуларында, тіпті бертінде де оны экономикалық-әлеуметтік мәселелері кенжелеп келе жатқан аймақтарды басқаруға жіберді. «Нар жолында жүк қалмас» деп айбынды азамат сол тұстағы мемлекет басшысының тапсырмаларын тиянақты орындады. Сонымен қатар қай жерге бармасын мемлекетшіл, халықшыл кейпін жоғалтпады. Барған өңірі сандуғаштай түлеп, жаңарып-жадырай түсті. Кейбір азаматтар секілді көп алдында бүгежектемей, кім-кіммен болсада ашық сөйлесті. Темірдей тәртіп орнатты. Сол үшінде халқының қошеметіне, ықылас-пейіліне мейілінше қанықты.
Бердібек Машбекұлы Ақтөбе облысына әкім болып кеткен кез болатын. Сол тұста Қызылорда облысының «Алтын күз» жәрмеңкесі өтті. Бізде «РЗА» АҚ өнімдерін облыс орталығына апардық. Жанында сол кездегі «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы Сауытбек Әбдірахманов және мәртебелі меймандармен жәрмеңкені аралап келе жатып, біздің өндірістің өнімдеріне арнайы тоқтады. Өзімнен бастап жанымдағы әріптестерімнің де хәл-жағдайларын сұрап, мейірман жүзбен қауышты.
Аздан соң Сауытбекке қарап: «Самұрат Жұманұлы Қазалы ауданын абыроймен басқарған азамат. Бүгінде жеке кәсіпкер. Бәз-біреулер секілді қызметті әкеден қалған мұрадай көрмейді. Кейбір кісілер әкімдік қызметтен кеткеннен кейін де «мен әкім болдым» деп өкпелейді. Ренжиді. Артынан көп әңгіме болады. Ал бұл кісі қызметтен кеткеннен кейін жеке кәсіппен айналысып, көптеген адамды жұмыспен қамтып отыр. Елге қамқор, жұртқа жанашыр. Рахмет, сізге Самұрат Жұманұлы» деген болатын.
Жалпы Бердібек Машбекұлы Қызылорда, Жамбыл, Шымкент облыстарын басқарған кездері де бір-бірімізге үнемі тілекші болып жүретінбіз. Отбасының, әулиетінің қайсыбір қуанышы болмасын, елеп-ескеріп, арнайы шақыртып отыратын.
Мұнан кейін де Бердібек Машбекұлы еліміздің Премьер-министрінің орынбасары болып тұрған тұстада бірнеше мәрте жұмыс бабымен кездестік.
«Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді дана бабаларымыз. Бүгінде Бердібек Сапарбаев салған сара соқпақ көпке мәлім. Бүгінгі кез келген мемлекеттік қызметшіге үлгі. Қазіргі таңда аңызға айналған тұлғаның есімі қазақтай дархан халық барда әлі де жұрт жадында биіктей түсетініне сенімдімін.




12 ақпан 2025 ж. 185 0

Арал: Жыл және жетістік

21 ақпан 2025 ж. 119

ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА!

21 ақпан 2025 ж. 82

Керек дерек

21 ақпан 2025 ж. 106

Үйірмеде үйренер көп

21 ақпан 2025 ж. 99

Жайлы мектеп

21 ақпан 2025 ж. 192

"Түйін" жобасы қосылды

21 ақпан 2025 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728