Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Баға жетпес ұстазым

Баға жетпес ұстазым

2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ІІ-ші жартысында «Өңірлік деңгейде әлеуметтік қамтамасыз ету саясаты» бойынша тобымызды 2 бөліп, бірінші топқа Бердібек Машбекұлы дәріс оқиды дегенде, магистранттар өзара таласып, ағайымыздың тобына кіруге асыққан болатынбыз.

Мен де сол магистранттар қатарында жүріп, еліміздің батысы мен шығысына, жалпы жас мемлекетіміздің даму жолында сүбелі үлес қосқан атпал азаматтан тәлім алу бақытына бөлендім.
Әлі есімде... Ағайымыз бізге өзінің өмірлік тәжірбиесімен бөлісіп, мемлекеттік қызметтің қыр-сырын айтып, дәріс оқығанда сүйсіне тыңдаушы едік. Тіпті әрбір шәкіртімен пікір алмасып, ұсыныстарын қойын дәптеріне түртіп отыратын. «Әй! Қызылорданың Жәнібегі, не айтасың?» деген жылы сауалы да құлағымнан әлі кетпейді. Алатаудың аласармас шыңындай көрінген азаматтың мұнша қарапайымдылық танытуы бізді ерекше рухтандыратын. Үш сағат бойы бізге өзінің сабағын тікесінен тік тұрып айтқанда, біздер ұялғаннан «Ағай, сіз отырып айта берсеңізші», дегенімізде менің ендігі міндетім ұстаздық. Ұстаз шәкіртерінің алдында бар күшін салу керек дейтін болатын.

Сол жылы академия болып, Бердібек Машбекұлының 70 жылдығына дайындық жұмыстарын жүргізіп, ағайымыз туралы дайындалып жатқан документалдық фильміне де түстік. Мемлекеттік қызмет саласында «Кризис менеджер» атанған Ұлы тұлғаның тағы бізге үйреткен тәлімі, берілген тапсырманы үнемі бақылауда ұстау. "Бақыланбаған жұмыс – өз нәтижесін бермейді" деп айтатын.

Ақпанның тоғызы елжанды азамат – Бердібек ағайдың туған күні. Ағайымыз тірі болғанда ерін шын сүйген ел-жұртымен жетпіс екі жасын тойлаушы еді. Әттең... Алланың ісіне амал барма?!
Жақсы адамдардың орны ойсырап, жоқтығы сезіліп, тұлғасы сағынышқа айналары ақиқат. Жақсылықтарын жарыса айтып, сағына еске алып жатқанымыз содан. Рухыңыз жәннаттық болсын, аға!

Жәнібек АЛИЕВ,
Қазақстан Республикасы Президенті
жанындағы мемлекеттік басқару
академиясының магистранты, Қазалы ауданы
11 ақпан 2025 ж. 147 0

Арал: Жыл және жетістік

21 ақпан 2025 ж. 117

ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА!

21 ақпан 2025 ж. 80

Керек дерек

21 ақпан 2025 ж. 102

Үйірмеде үйренер көп

21 ақпан 2025 ж. 95

Жайлы мектеп

21 ақпан 2025 ж. 189

"Түйін" жобасы қосылды

21 ақпан 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728