Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда ұлттық «брэнд» өнімдерін қалыптастыруда

Қызылорда ұлттық «брэнд» өнімдерін қалыптастыруда


Географиялық нұсқама дегеніміз – географиялық объектінің аумағынан шығарылатын, белгілі бір сапасы, репутациясы немесе басқа да сипаттамалары едәуір дәрежеде оның географиялық шығу тегімен байланысты тауарды сәйкестендіретін белгілеме. Белгі тек белгілі бір аумаққа қатысты өнімнің шыққан жерін көрсететін болса ғана географиялық нұсқаманың қызметін атқара алады.
Географиялық нұсқама ауылшаруашылық өнімдеріне, тамақ өнімдеріне, шараптар мен спирттік ішімдіктерге, қолөнер мен өнеркәсіп өнімдеріне қолданылады. Бұған дейін географиялық нұсқама статусы Алматының әйгілі апортына берілген болатын.
Қызылорда облысының Әділет департаменті облыс әкімдігімен бірлесе Қызылорда облысының аумағында өндірілетін танымал өнімдерді сараптап, оларды «ұлттық брэнд» ретінде тіркеу жұмыстарын жүргізді. Жыл бойы атқарылған шаралар нәтижесінде 9 өнім географиялық нұсқама ретінде тіркеліп, мемлекеттік тізілімге енгізілді. Олардың ішінде Қызылорданың күріші; Қызылорданың тұзы; Жаңақорғанның жүгері сусыны; Жайылманың қарбызы; Қазалының конфеті; Арал теңізінің көксерке сүбесі; Аралдың түйе сүтінен жасалған сабыны; Аралдың жантақ өсімдігі қосылған емдік сабыны; Қазалының сабыны бар. Сондай-ақ, Шиелінің құрты, Шиелінің түйе сүтінен жасалған балмұздағы және Жаңақорғанның бал арасын тіркеуге арыз беріліп, қазірде сараптама жасалуда.
Қызылорда облысы - негізгі даму көрсеткіштері бойынша өңірлер арасында үздік үштікте екендігі бәрімізге мәлім. Өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы саласының дамуы бойынша да алдыңғы саптан көрініп келеді. Географиялық нұсқама ретінде тіркелу әлеуеті жоғары өнімдердің көбі осы салаларда өндіріледі. Бұл – Қызылорда өңірінің ұлттық брэндтері санын одан әрі ұлғайтуға мүмкіндік мол дегенді білдіреді.
Қызылорда облысының Әділет департаменті
01 ақпан 2025 ж. 72 0

Ұлттық қор – балаларға

31 қаңтар 2025 ж. 143

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728