Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматы апорты халықаралық брендке айналады

Алматы апорты халықаралық брендке айналады

Бұл туралы ведомство басшысы Азамат Есқараев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz
“Алматы апортын қазақстандық бренд ретінде географиялық көрсеткіш ретінде бекіту жұмыстарына тоқталар болсақ. Президент Алматы алмасын халықаралық брендке айналдыру үшін жұмыс істеу қажеттігін айтты. Әділет министрлігі бұл бағытта жұмыс істеп жатыр”, - деді ведомство басшысы.
Министр Әділет министрлігіне тиісті өтінім берген апорт өндірушілер қауымдастығымен мәселе пысықталғанын жеткізді.
“Әлемде Алматы апорты бренді болуы үшін біз жұмыс істеп жатырмыз. Мерзімі ұзақ. Зияткерлік меншікке қатысты мәселелер тез шешілмейді. Төрт ай өткеннен кейін Қазақстанда Алматы апортын қазақстандық бренд ретінде тіркейміз. Содан кейін тиісті қауымдастық Алматы апортын халықаралық аренада географиялық көрсеткіш ретінде қорғауға және тіркеуге беру үшін құжаттарды жинайды”, - деп атап өтті Азамат Есқараев.
Айта кетейік, осыған дейін Алматының символы апорт ұлттық брендке қашан айналатынын жазған болатынбыз.
16 қазан 2023 ж. 228 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930