Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғын үй подъезінен жаңа туған сәби табылды

Тұрғын үй подъезінен жаңа туған сәби табылды

Фото: pixabay.com
Алматы қаласы Түрксіб ауданында тұрғын үй подъезінен жаңа туған сәби табылды. Жылап жатқан баланың дауысын үй тұрғындары естіп, полицияға хабар берген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматыда екіқабатты үйдің кіреберісінен жаңа туған сәби табылды. Жерде шырылдап жатқан шақалақты көрген тұрғындар абдырап қалған. Дүние есігін енді ашқан қыз баланы тұрғындар бүгін түскі уақытта байқапты. Бөбекті үйдің екінші қабатына тастап кеткен. Жылап жатқан сәбиді тұрғындар дереу жылы жерге кіргізіп, жедел жәрдем мен полицияға хабар берген.

Жаңа туған қызды Чернышевский көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғындары тауып алды. Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сәбидің анасының жеке басын және істің мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр, - деді Салтанат Әзірбек.

Телеарна сайтында бірер сәт бұрын Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар сәбиді ата-анасы ауруханадан алып кеткенін мәлімдегені туралы ақпарат жарияланды. Олардың қолында сәбидің құжаты бар, делінген сайттағы мәліметте.

31 қаңтар 2025 ж. 318 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930