Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Су басу қаупі жоқ

Су басу қаупі жоқ

Кейінгі жылдары өңірді су басудан қаншама адам зардап шекті. Қайғылы жағдайдың алдын алу мақсатында көктем-қыс мезгілінде жан-жақты дайындық жұмыстары жүргізіліп келеді. Қардың еруі, жауын-шашын, қатты желдің салдарынан Сырдарияның су деңгейі көтеріліп, маңайдағы тұрғындарға айтарлықтай зиян келтірді. Апат айтып келмейтіндіктен етек-жеңімізді жиып, аяқасты орын алатын төтенше оқиғаға дайынбыз ба? Бұл жөнінде тиісті сала мамандарынан сұрап білдік.
Мамандардың айтуынша, биыл жыл басында «Көктем – 2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы ұйымдастырылды. Қазалы ауданы аумағында "2020-2021 жылдардың қыс-көктем кезеңдерінде Сырдария өзенімен келетін суды қауіпсіз өткізуге дайындық жұмыстарын жүзеге асыруға арналған іс-шаралары" мен "Қазалы ауданында су тасқыны жағдайында шұғыл ден қою жоспары" бекітілген. Аталған жоспарға сәйкес Қазалы ауданы әкімінің төрағалығымен аудандық комиссия отырысы өткізілді.
Қазіргі таңда қолда бар мәліметтерге сүйенсек, жергілікті қорда 6, оның ішінде 2 тонна бензин, 4 тонна дизель отыны қарастырылған. Резервте 350 дана қада, 1900 метр сым, 4000 бау қамыс, 500 бау сабан, 2400 қап, 7 багор, 7 лом, 70 носилька, 150 метр арқан жинақталған.
Өткен жылдың аяғында қажетті жанар-жағармай мөлшерін алуға "Фирма Тілеп" ЖШС, «РЗА-Мұнай-Газ-Құрылыс» ЖШС мен азық-түлік қорын алуға және төтенше жағдайлар зардабын жою кезінде үш мезгіл тамақпен, сонымен қатар құрылыс материалымен қамтамасыз ету мақсатында жеке кәсіпкер Алмагүл Қаржаубаева, Пахуадин Утеевпен келісімшарт жасалған.
– Төтенше оқиға туындаған жағдайда тұрғындарды құлақтандыру үшін аудан бойынша 4 сирена бар. Олар Әйтеке би кенті әкімі аппаратының ғимараты, "Қазалы сусервисі" мекемесі, Қазалы қаласындағы "Қазақтелеком" мұнарасы және Басықара ауылындағы Қазалы су торабында орналасқан, – дейді Қазалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Алтынбек Сауытбекұлы.
2021 жылға төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жұмыстарына жергілікті бюджеттен 28 миллион 936 мың теңге қаржы жоспарланған. Қазалы ауданында 11 қауіпті учаскеге мониторинг жұмыстары жүргізілді. Су басу қаупі бар учаскелерден тұрғындар мен жануарларды көшіру мақсатында 14 эвакуациялық жинақтау және 15 эвакуациялық қабылдау бекетінің орындары нақтыланған.
Қазалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау капитаны Серікбол Қолдасұлының ақпаратына мән берсек, аудан маңынан өтетін Сырдария өзенінің ұзындығы шамамен 187 шақырымды құрайды. Оның сөзінше, жақын тұрған елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Себебі биыл Сырдарияның деңгейі төмендеп кеткен. Дегенмен жергілікті аудан әкімі аппаратымен бірлесіп тұрғындар мен дария бойындағы мал шаруашылығымен айналысып отырғандарға толық ақпараттық ескерту жүргізілген.
Бүгінде Басықара ауылындағы "Ә.Тыныбаев" атындағы су торабына секундына 47 м3 су келуде.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
01 желтоқсан 2021 ж. 352 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031