Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкімет жаппай үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысын тек өзекті мәселелерді шешуге жұмсауы керек - Президент

Үкімет жаппай үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысын тек өзекті мәселелерді шешуге жұмсауы керек - Президент

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаржысын тек қана аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсауды тапсырды.
«Мен реформалардың нақты бағыты мен оны жүзеге асыру жолдары туралы осыған дейін де айттым. Үкімет ел экономикасын тұралап қалудан сақтап, орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін күрделі шешімдер қабылдауы керек және ең бастысы сол шешімдерді іске асыруға тиіс. Бұл – жоғары білікті әрі жауапкершілік алуға дайын мемлекеттік қызметшілердің қолынан келетін жұмыс. Әлемдік тәжірибеге қарасақ, мемлекеттік аппараттың тиімділігі осындай күрделі кезеңдерде айқын көрінеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Үкіметті жаппай үнемдеуге көшуді міндеттеді.
«Үкімет қаншалықты қиын болса да, жаппай үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысын тек қана аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсауы керек. Көрпеге қарай көсілетін уақыт келді. Орынсыз шығынды тоқтатып, аяғымызды тартып басу қажет», - деді Президент.
28 қаңтар 2025 ж. 257 0

Табысты тағамнан тапты

01 қараша 2025 ж. 147

Кәсіптің көзі – күріште

01 қараша 2025 ж. 161

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930