Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мен Ресейдің энергетикалық жүйелері қатар жұмыс істейтін болды

Қазақстан мен Ресейдің энергетикалық жүйелері қатар жұмыс істейтін болды

Мәжіліс Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Қазақстан мен Ресей біртұтас энергетикалық жүйелерінің қатар жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Құжатқа 2023 жылы 9 қарашада Астана қаласында қол қойылған.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев заң жобасын Мәжілісте таныстырды.

Қазақстан мен Ресейдің энергожүйелері өзара қатар жұмыс істейді. Энергожүйенің қатар жұмыс істеуі әр елдің сенімді және тиімді жұмысының маңызды факторы.

Келісім жобасының негізгі мақсаты қатар жұмыс істеу процесінде туындайтын траптардың өзара қарым-қатынасын рәсімдеу, сондай-ақ негізгі шарттарды айқындау, - деп түсіндірді ведомство басшысы.

Министрдің дерегінше, соңғы жылдары елімізде қуаттардың тапшылығы байқалады, осыған байланысты Қазақстан мен Ресей энергожүйелерінің шекарасында ауытқулар ұлғайа түсті, яғни келісілген мемлекетаралық сальдосы +/- 150 МВт көлемінен едәуір асып түсті. Кейбір сағаттарда қуаттылықтың ауытқуы 1500 МВт-қа дейін жетті.

Келісімге сәйкес тараптар жыл сайын Қазақстанның біртұтас энергетикалық жүйесі арқылы Ресейден тасымалдауға жоспарланған электр энергиясы көлемін келісуге міндетті болады. Бұл ретте электр энергиясын беру қызметтерінің ақысы Қазақстанның тарифтерді мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органы белгілеген тариф бойынша жүзеге асырылады. Ол Қазақстанның жеке тұтынушылары үшін электр энергиясын тасымалдау тарифінен аспауы қажет.

Келісімді ратификациялау Ресеймен шекарадағы электр энергиясы ағынының мемлекетаралық теңгерімінің ауытқуын барынша азайтады. Сондай-ақ оны Ресейдің энергетикалық жүйесінен жоспарлы сатып алуды қамтамасыз етеді. Бұл ретте мемлекетаралық ағындар үшін электр энергиясын сатып алу-сату бағасын қалыптастыру қағидаттары айқындалды.
29 қаңтар 2025 ж. 247 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 117

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 115

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 112

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 99

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930