Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқылады

Ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады.
Қазақстан Президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесіне (АӨСШК) мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомство басшыларының алтыншы кеңесіне қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келген Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады.
Кездесу аясында Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілері, атап айтқанда сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар талқыланды.
Сонымен қатар өңірлік күн тәртібі, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру бағытындағы халықаралық күшті жұмылдыру мәселелері сөз болды. Мемлекет басшысы Қазақстан тарапынан осы елге көрсетіліп отырған гуманитарлық көмек шаралары туралы айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы қауіпсіздік, жанжалдардың алдын алу және бейбітшілікті қолдау мәселелерін шешу бағытындағы ұжымдық тәсілдерді пысықтауда Кеңестің жұмысын ілгерілетудегі Ресейдің маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
baq.kz

12 қазан 2021 ж. 6 195 0

Екі облыста жол ашылды

23 наурыз 2026 ж. 141

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031