Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім саласына бөлінген қаржы 16,9 пайызға артты

Білім саласына бөлінген қаржы 16,9 пайызға артты

Биыл білім саласына бөлінген қаржы өткен жылмен салыстырғанда 16,9 пайызға артқан. Бұл өз кезегінде балалардың қауіпсіз әрі жайлы ортада білім алуына және педагогтардың кәсіби дамуына жеткілікті жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов салада атқарылған жұмыстарды қорытындылады.
– Педагогтардың біліктілігін арттыру арқылы білім сапасы да жоғарылай түседі. Ал, заманауи талапқа сай білім беру үшін мұғалімдер үнемі өз білімдерін жетілдіріп ғана қоймай, жаңа әдістемелерді де меңгеруі қажет. Осыған байланысты өткен жылы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мамандығы бойынша 468 педагог қайта даярлау курсынан өтсе, 759 педагог біліктілігін арттырған. 2024 жыл білім беру саласы үшін жетістікке толы жыл болды.
Атап айтсақ, әБілім беру инфрақұрылымын қолдау" қоры мен жергілікті бюджеттің және жеке инвесторлардың есебінен 17 білім беру ұйымының құрылысы жүргізілді. Оның ішінде Қызылорда қаласында дарынды балаларға арналған 400 орындық физика-математика бағытындағы мектеп-интернаты наурыз айында іске қосылады деп күтілуде.
Одан бөлек, 2 қосымша білім беру ұйымы мен музыкалық колледж ғимаратының құрылысы да биыл тапсырылады. Ал, бүгінгі күні 960 орындық 6 мектеп, 4 мектепке қосымша ғимарат, 350 орындық Қызылорда қаласындағы Оқушылар сарайы мен Жаңақорған ауданындағы 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебінің құрылысы аяқталды.
Сонымен қатар, Арал ауданында қарасты Тоқабай ауылындағы №248, Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі №252 және Жансейіт ауылындағы №133 апатты мектептердің мәселесі шешілді. Өздеріңіз білесіздер, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы бойынша 6 900 орындық 10 мектептің құрылысы жоспарланған еді. Қазіргі таңда Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 900 орындық мектеп, КБИ мөлтек ауданындағы 600 орындық мектеп, Жаңақорған ауданы, Жаңарық елді мекенінде 300 орындық мектеп және Арал қаласындағы 300 орындық Жайлы мектеп іске қосылды. Енді санаулы күнде Жаңақорған кентіне қарасты Саяжай шағын ауданында 600 орындық мектеп пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, бұл жылы тағы да 5 мектеп пайдалануға берілетін болады,- деді Асқарбек Темірбекұлы.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
22 қаңтар 2025 ж. 49 0

Жастар есірткіге қарсы

22 қаңтар 2025 ж. 71

Қараңғы жолдан аулақ бол

22 қаңтар 2025 ж. 78

Ерлікке тағзым

21 қаңтар 2025 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031