Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жайлы мектеп» құрылысымен танысты

«Жайлы мектеп» құрылысымен танысты

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауынан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтерген білім ошағы құрылысымен танысты.

Өткен жылы құрылысы басталған мектеп 900 орындық, бас мердігер – «Дәнекер» ЖШС. Үш қабатты ғимаратты салуға республикалық бюджеттен 5,01 млрд.теңге бөлінді, мектеп биыл пайдалануға берілмек.

Аймақ басшысы құрылыс сапасына айрықша мән беруді ескертіп, жауапты мекемелерге жұмыс барысын тұрақты қадағалауды тапсырды.

Айта кетейік, биыл өңірде жаңадан 15 мектеп және 4 мектепке қосымша құрылыс салынып, пайдалануға беріледі. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен 12 300 орынға лайықталған 21 мектеп, «Білім беру инфрақұрылымын қолдау» қоры арқылы 7 млрд. 900 млн. теңгеге дарынды балаларға арналған 400 орындық физика-математика бағытындағы мектеп-интернат, Шиелі ауданында 988 млн. теңгеге 100 орындық және Жаңақорған ауданында жергілікті бюджет есебінен 926 млн. теңгеге 150 орындық мектеп салынуда. Арал ауданы Тоқабай ауылындағы апатты мектеп және Ақшатау ауылындағы бастауыш мектептің жаңа ғимараты жеке инвесторлардың демеушілігімен бой көтеруде. Бұдан бөлек, «Білім беру инфрақұрылымын қолдау» қоры арқылы Шиелі, Жаңақорғандағы, жергілікті бюджет есебінен Қызылорда қаласы мен Қармақшы ауданындағы мектептер жанынан қосымша құрылыстар жүргізілуде.

Балалардың қосымша білім алуына оңтайлы мүмкіндік жасау үшін «ҚазГерМұнай» компаниясының демеушілігімен 2 млрд. 300 млн. теңгеге 350 орындық заманауи Оқушылар сарайы, жергілікті бюджет есебінен Жаңақорған ауданында 200 орындық Оқушылар үйі және 50 орындық Өнер мектебі салынуда.
Нысандар жаңа оқу жылы қарсаңында ел игілігіне табысталады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

09 мамыр 2024 ж. 108 0

Туыстар таңдауы

22 маусым 2024 ж. 60

Келіндер байқауы

22 маусым 2024 ж. 59

Әке жолы ұлға үлгі

22 маусым 2024 ж. 67

Қоқыста қалған құндылық

22 маусым 2024 ж. 82

Сапалы құрылыс сән берер

22 маусым 2024 ж. 61

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930