Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Есті ел тұрғындары

Есті ел тұрғындары


Баяғы өткен заманда Салауат деген ел болыпты. Бұл елдің адамдары өте ақылды, мейірімді, және денсаулықтарына көп көңіл бөледі екен. Бір күні бұл елге алыс жақтан “Көкнәр” деген зұлым келіпті. Оның күші өте қауіпті еді, себебі ол адамдардың денсаулығын бұзып, бақытты өмірлерін тас-талқан ететін.
“Көкнәр” жасырын түрде елге кіріп, балалар мен жастарды алдап, өзіне баурамақ болады. Мен сендерге ерекше сезім сыйлаймын, өмірлерің қызыққа толады, барлық қайғыларың ұмытылады деп жұртты алдап- арбайды.
Бірақ елдегі дана қариялар оның ниетін түсініп, жұртты жинап:
-“Көкнәр” алдап-арбап, сендерді өзіне құл етпекші. Ол бірден қуаныш сыйлағанымен, артынша денсаулықты, достықты, отбасыңды алып кетеді. Оның торына түскен адамдар бақытсыз болады. Біз бірге күресіп, оны жеңуіміз керек! – дейді.
Сол кезде елдің ең батыл жігіті – Батыр мен ақылды қызы – Мәруа жұртты біріктіріп, «Денсаулық Әлемі» деп аталатын арнайы мекен құрды. Бұл жерде адамдар спортпен шұғылданып, табиғи таза тағамдар жеп, өмірлерін жақсартты. Батыр мен Мәруа “Көкнәрдің” улы сөздеріне қарсы білім мен салауатты өмір салтын насихаттап, барша елді оны жеңуге шақырды. Басқаның арбауына түспей, өзіндік пікірлері болуын қадағалап жүрді. Күндердің күнінде “Көкнәр” бұл елден қашып кетуге мәжбүр болады, себебі оның өтірігіне сенетін ешкім қалмады. «Салауат» елі қайтадан бақытты, дені сау елге айналады.
Содан бері бұл елде есірткі туралы естімеген де, көрмеген де екен. Адамдар бір-біріне әрқашан қолдау көрсетіп, салауатты өмір салтын ұстанатын. Әрбір адам өзінің және жақындарының денсаулығы үшін жауапты. Есірткіден аулақ болып, дұрыс өмір салтын таңдау – нағыз батырлық. Оқып отырған оқырманды «Салауат» елінен үлгі алуға шақырамын.

Адилханова Алуа,
Қазалы қаласы
Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектеп
16 қаңтар 2025 ж. 70 0

Шыбық

16 қаңтар 2025 ж. 8

«Таза Жол»

16 қаңтар 2025 ж. 20

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 47

«Мен тыңшымын» ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 49

Есті ел тұрғындары

16 қаңтар 2025 ж. 71

Ақыл мен Жан

16 қаңтар 2025 ж. 56

Жарқыраған тұзақ

15 қаңтар 2025 ж. 100

Есірткі – ғасыр дерті

15 қаңтар 2025 ж. 100

Елді езген есірткі

15 қаңтар 2025 ж. 106

Атаның ақылы

15 қаңтар 2025 ж. 85

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031