Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткіге еліккен ерке ұл

Есірткіге еліккен ерке ұл

Ертеде бір байдың екі ұлы болыпты. Әкесі ұлдарына уақыт бөле алмай, тек байлықтың соңында кетіпті. Ойының бәрі ақша екен. Байдың ойынша дүниенің бәрін ақшаға сатып алуға болады.
Екі ұл екі түрлі болып өседі. Үлкен ұлы бос уақытында кітап оқып, спортпен айналысып, достарымен бірге уақыт өткізуге тырысады. Ал кіші ұлы ерке, шолжаң болып өседі. Әкесінен ақша сұрап, қалаған нәрсенің бәрін сатып алады. Осылай күндер өтіп жатады.
Бір күні байдың кіші баласы еркеліктің шегіне жеткені сонша, не істерін білмей зерігеді. Осылайша ол көшеге шығып кетеді. Үйден шыға бере алдынан жер қазып кісіні көреді. Қасына тұрып көмек бергісі келеді, бірақ құлқы болмайды. Одан әрі кетіп,отын шауып жүрген кісіні жолықтырады. Қолына балтаны алып, отын шаппақ болып еді, кежегесі кейін тартып, оны да қоя салады. Одан әрі жол жүріп кетеді. Бір кезде алдынан топ жас жігіт кездеседі. Байдың кіші ұлы оларға іші пысқанын, не істерін білмей жүргенін айтады. Жас жігіттер көмекке дайын екен, өз орталарына қосылуын сұрайды. Бұл орта байдың кіші ұлына қатты ұнайды. Көңілді орта, көк түтін, айқау-шу. Міне, байдың баласының іздегені осы еді.
Арада екі жыл өтті. Байдың үлкен ұлы білім қуып қалаға кетті. Ал кіші ұлы айықпас дертке шалықты. Бай баласын емдетемін деп бармаган жері, баспаған тауы жоқ. Еш емі жоқ. Жинаған байлығының ақшаларының бәрі кетті, түбі көрінді. Байға кіші баласының ауруы қатты батты. Ақшаның ештеңе шешпейтінін білді, өкінді. Бәрі кеш еді. Баласының бетін қақпай, сұраған ақшасын беріп, ерке өсірген әке алғаш рет өз ісіне өкінді. Баласының есірткінің шырмауына шалдығып, тәуелді болғанын білген  әке баласына ауруды өзі сатып алып бергенін түсінді. Ал баласы болса өз істеген ісіне әкесін кінәлады. Егер әкем сұраған ақшамды бермегенде, есірткінің құрбаны болмас  едім деп ойлады. Үстін жара қаптаған, денесі әр жерден тесілген ұл көп ұзамай өмірден қайтты.
Төлеп Бақдәулет
Қазалы ауданы, Қазалы қаласы
Қ.Нұрмаханов атындағы №95 мектеп оқушысы
13 қаңтар 2025 ж. 48 0

Үш өңірде ауа ластанады

12 наурыз 2025 ж. 82

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31