Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » У мен дерт ертегісі

У мен дерт ертегісі

Баяғы өткен замандаТемекі, Есірткі, Ішімдік, Милиция, Дәрігер деген кейіпкерлер болыпты. Осы өлкеде өмір сүріп жатқан әзәзілдер: Темекі, Есірткі, Ішімдік үшеуі жасырын айтысқа түспешкі болады. Қазылар алқасы да жоқ, көрермен де жоқ. Бұл айтыстың бас бәйгесі –Адам өмірі болатын. Әуелі сөзді емін-еркін ғұмыр кешіп үйренген Темекі алады:
Бөлініп кетсе –дағы жер екіге,
Кезек бер жасы үлкен Темекіге.
Табылам езуінен сұлу қыздың,
Бір гүлі ашылмаған он екіде.
Айналып ермегіне балалардың,
Қалтасын қоқым қылып қағам әр күн.
Күн-түні күркілдетіп сарғайтқаным,
Қаусаған кәрі тісін ағалардың-деп  темекі сөзін аяқтайды.
Темекінің  кеуде соғып көпіргенін Есірткі көріп отыра қалып, өз әніне басады.
Ежелден темекі едің, шылым едің,
Ашылмай жатқан әлем ғылым едің,
Осылай айтарыңды біліп едім,
Жастардың ойына да, бойына да,
Енді-енді індет болып кіріп едім.
Кеңейтіп жеңісімді, өрісімді,
Мәз болым миығымнан күліп едім.
Осы сәтте тапырақтай басып, иісі аңқып кердең-кердең аттап, Ішімдік былай дейді:
Мен,мен едім, мен едім,
Қай жерде де өр едім.
Қай жер де төр едім.
Дастарханнан, көңілден,
Ылғи түспей келемін.
Ынжықтарды ысқылап,
Бойына күш беремін.
Арыстанға тышқанды,
Сүйреп әкеп теңедім. Осылайша үшеуі айтысып, бәйгеге түсіп отырғандарында сырттан таныс емес дауыс естіледі.  Сөйтіп милиция кіреді де:
-Шуламаңдар, түге!-деп үшеуін де ұстайды.
Дәрігер: Сендердіңмақсаттарың адам өмірінеөрт, көңіліне дерт салу болатын. Ал мен олардың қамқоршысымын,-дейді.
Қолқа қауып, қыжылдатқан асқазан,
Жүрек лобып, асқа тәбет ашпаған.
Шылым шегу денсаулыққа зиянды,
Азаматтар өзгеше бір бас қадам.
Меруерттіс пен таңдайды ыстаған,
Өкпені улап, көк жөтелі қыстаған.
Шылымыңды жолатпастан өмірде,
Темекіні, ақыл ойлы, таста,Адам!
Темекі, Есірткі, Ішімдік үшеуі адам өмірінде жасаған қателіктеріне өкініп, Дәрігердің  ақылын тыңдап,  Милициядан кешірім сұрап, бақытты да баянды ғұмыр кешіпті.
Жеңіс Арман
Қазалы ауданы, Қазалы қаласы
Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектеп оқушысы
09 қаңтар 2025 ж. 129 0

Биіктей бер, бас қала!

05 шілде 2025 ж. 160

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031