Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен саған есірткі жайлы айтып беремін...

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін...

Сәлем. Досым сен өз бос уақытыңда қандай істермен айналысасың. Саған басқалардың хоббилері ұнайма?  Мәселен маған ұнайды. Себебі мен оған кеңес бере алатындай жағдайлар болуы мүмкін. Мәселен кейбір адамдар бос уақыттарында есірткі пайдалану мен айналысады.

Ал егер менің достарымның арасында сондай балалар болса, мен оған есірткінің адам ағзасына тигізер әсерін айтып берер едім. Бәлкім сағанда айтып берейін.  Адам үшін өмір сүруге денсаулықтың маңызы зор екендігі барлығына аян. Бырақ өмірдегі кейбір адамдар сол денсаулықтың қадірін біле бермейді. Себебі адамдардың наша пайдалануы, алкагольді сусындар ішуі және темекі шегуі денсаулықтарына үлкен қасырет әкеледі.  Нашаға тәуелді болып, оны уақыт сайын пайдаланып, адам өз денсаулығын ғана құртпай тынбайды, ол өз ұрпағында ауру етеді. Себебі нашаны пайдаланған адам, нашаға тәуелді болып, оны тұтынатындықтан, адам бойындағы есірткі созылмалы ауруға айналып, ақыр аяғы баланың ауыру болып туылуына әкеліп созылады. Мәселен адам есірткі қабылдаған кезде иммунитеті уланып, қанның құрамына есірткі таралады. Солайша адам өз есінен айырылып, ақылға қонымсыз істер жасап, айналасындағы адамдарға да зиын шектіреді. Есірткі орталық жүйке жүйесіне тежеу арқылы әсер ете отырып, мидың нейрондарының арасындағы байланыстарды үзеді, нерв жүйесінің электр сигналдарын өткізу қабілетін бұзады. Нәтижесінде дененің физикалық қабілеті бұзылады,  қозғалыс координациясы шаршайды, уақыт пен кеңістікті қабылдау сезімдері өзгергеді, ой-сана тұманданып, нақтылықты қабылдау нашарлайды. Түрлі елестер, галлюцинациялар пайда болады, адам түрлі эмоциялық қалыпты бастан кешіреді. Есірткінің адам ағзасына тигізер зиянын айта берсек жетерлік. Тіпті көптеген бойжеткен қыздарымыз осы есірткінің кесірінен зорлық көріп отыр. Оған дәлел жастайынан есірткі қолданып, есірткінің кесірінен өз әйел бала-шағаларын ұрып соғып, арты оқыс оқиғамен аяқтаған көптеген жастардың істері себеп болып отыр. Темекіге тәуелді болуда өкпенің қабынып, түрлі аурулар мен өлімге апарады. Қызығушылық пен темекіні пайдалану, адам өмірін мәңгілік ауру мен өткізу деген сөз. Себебі қанша иммунитететі мықты адам болғанымен темекі адам ағзасын улап тастайды. Темекі шегу – көптеген аурулардың дамуының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Тіпті көптеген адамдар осы темекіге тәуелді болып , өз ұрпақтарының жұқпалы аурулар тудырып жатыр. Балалардың мүгедек болып немесе аяқ қолдарының жұмыс жасамай не басқада аурулар мен ауырып туылуы осы темекінің кесірінен. Темекіні кейде қыз балалардың қолынанда байқауға болады. Болашақ аналардың темекі шегуінің кесірінен  өз сүтімен баласына ауыру жұқтырады. Ал алкагольді сусындарды ішу адам өмірі үшін өте зиян зат.  Себебі алкагольді сусындардың кесірінен көптеген жас отбасылар бұзылып, оның салдары балаларына тиіп жатыр. Мас күйінде рөлге отырып аварияның көбейуі, басқа адамдарға кесірін тигізу, төбелес және де мас күйінде көптеген дөрекілік сөздер айту, үй ішінде болатын жанжал. Міне есірткінің адам өміріне тигізер зияны айта берсек таусылмас. Болашақ қалаушы жастарымыздың осыншалықты жағымсыз істер жасап, өз болашақтарын бұзғанын көрген  біздердей ұрпақтар қалайша тәрбие алмақпыз. Себебі мас күйінде көшеде түнеген адамдардың өзі, аға, әкелеріміздің көшеде темекі шегуін көруіміздің өзі жастардың ойын бұзады. Қазіргі таңда тіпті қазақ қыздарыныңда қолынан да есірткі заттарды көруге болады.  Бұл адамның қоршаған ортадан алған тәлім-тәрбиесінен шығады. Яғни есірткінің адам ағзасынан тигізер әсері зиян екенін қазіргі балалар жақсы біледі. Бырақ қанша дегенменде баланың аты бала ғой.  Себебі жылтыраққа қызығып, артынша өз басын бәлеге тігіп жатқандар да бар. Баланың араласып отырған ортасындада көптеген балалардың есірткі қолданары белгілі. Мәселен темекі шегіп, оған басқа балаларды да күшпен қолдануға мәжбүрлейді. Осылайша көптеген балалар темекіге тәуелді болып жатыр. Егер де жасжеткіншектерді есірткі қолдану мен қараңғы қапастан құтқарып, есірткіге тәуелділігін жояр болсақ, ол адамдарға үлкен қадам жасап, жаңа өмірге аяқ басуына мүмкіндік берер едік.  Сол себепті өз болашағымызды өзіміздің қолымыздан құртпауымыз керек. Сонда біздерден көптеген адамдар мен  темір тордың артындағы адамдарда, өмірі қара түнекке батқан жандарда, есірткінің шырмауына байланып, көзі соқырлыққа байланғандар да сабақ алар еді. Менің ойымша еліміздің болашағын біздер қалайтын болғандықтан сауда-орындарында сатылатын есірткелерді  сауда дан алып тастауымыз керек. Сонда жас ұрпақ дұрыс тәрбие алып, еліміз бибіт өмір кеше алар еді.
#УПНДПОКЗО

Қазалы қаласы Қ.Нұрмаханов атындағы
№95 орта мектебінің  8 сынып оқушысы  
Панабек Айида

21 қаңтар 2021 ж. 2 871 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 31

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930