Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дубайда жеңімпаз атанды

Дубайда жеңімпаз атанды

Сурет: Almaty-akshamy.kz
Құрамында қазақстандық Елена Рыбакина өнер көрсеткен «Сұңқарлар» (Falcons) командасы Дубайда (БАӘ) World Tennis League-2024 көрме турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Әлемдік теннис лигасында «Сұңқарлар» намысын Е.Рыбакинадан басқа ресейлік Андрей Рублев, канадалық Денис Шаповалов және франциялық Каролин Гарсия қорғады.

«Сұңқарлар» финалда «Хоукс» (Джордан Томпсон, Арина Соболенко, Сумит Нагал және Мирра Андреева) командасын жеңді.

Осы додада Е.Рыбакина төрт жекелей кездесу өткізіп, соның біреуінде румыниялық Симона Халепті (6:4) ұтты. Қалған үшеуінде әлемнің 1-ракеткасы, беларусьтік Арина Соболенкодан (6:7), Польша өкілі Ига Швентектен (3:6) және ресейлік Мирра Андреевадан (2:6) жеңіліс тапты.

Бұдан екі жыл бұрын аталмыш турнирде қазақстандық теннисші жеңімпаз атанған еді.

Енді Елена Рыбакина Қазақстан құрамасы сапында 27 желтоқсан — 5 қаңтар аралығында Аустралияның Сидней және Перт қалаларында өтетін United Cup турнирінде ойнайды.
14 қаңтар 2025 ж. 118 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 115

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 114

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 111

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 98

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930