Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Неге көлікті 5 минуттан да көп қыздырғанымыз үшін айыппұл төлеуіміз керек?

Неге көлікті 5 минуттан да көп қыздырғанымыз үшін айыппұл төлеуіміз керек?

Фото: Нұрболат Нұржаубай
Kyzylorda-news.kz Сенатор Марат Қожаев қыста автокөліктің қозғалтқышын ұзақ қыздырып тұрғандарға айыппұл салуға қатысты сұраққа жауап берді деп хабарлады SMARTNEWS.KZ.

Депутат көлік қозғалтқышын 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салу нормасы біраздан бері бар екенін еске салды.

– Бұл талап экологиялық нормаларды орындауға бағытталған. Бізде ауа қатты ластанған, яғни бұл жағдай ірі қалаларда ерекше байқалып отыр. Жүргізушілерді осы бап бойынша жауапқа тарту үшін нақты дәлелдер болуы керек. Осы орайда бейнежазба мен нақты уақытын тіркеу қажет.

Егер осындай дәлелдер болса, бұл адамдар әкімшілік жазаға тартылады. Мұндай нормалар дамыған елдерде де бар, – деді М. Қожаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Айта кетейік, осы норма аясында айыппұл 5 АЕК сомасында қарастырылған. Ал осы талапты қайтадан бұзғандарға 10 АЕК айыппұл салынады.
12 қаңтар 2025 ж. 345 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031