Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді көлікті 5 минуттан артық қыздырғандар айыппұл арқалайды

Енді көлікті 5 минуттан артық қыздырғандар айыппұл арқалайды

Фото: zr.ru
Айыппұл салу үшін ереже бұзылған уақыт пен күні көрсетілген 5 минуттан астам бейнежазба қажет. Қыс кезінде көлікті алдын ала жылыту – қазақстандықтар үшін әдеттегі жағдай. Алайда ұзақ уақыт көлікті қыздыру жанармай шығынын арттырып қана қоймай, атмосфераға зиянды заттардың бөлінуіне себеп болады. 

Осыған байланысты елімізде тұрғын үй маңында қозғалтқышы қосулы көліктің 5 минуттан артық тұруына тыйым салынған. Ережені бұзған азаматтар 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 19 660 теңге көлемінде айыппұл арқалайды. Жүргізуші ережені екінші рет бұзса, 10 АЕК немесе 39 320 теңге айыппұл төлеу керек.

Айта кетсек, айыппұл салу үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі, құқықбұзушылық жасалған уақыт пен күні көрсетілген бейнежазба болуы керек. Оның ұзақтығы 5 минуттан асуы тиіс.
08 қаңтар 2025 ж. 236 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930