Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 255 мың теңгеден асатын мобильді аударымдар тескеріле ме?

255 мың теңгеден асатын мобильді аударымдар тескеріле ме?

2025 жылдан бастап үш айда телефон арқылы жүз немесе одан көп адамнан 255 мың теңге аударым жасағандар тексеруге алынуы мүмкін екендігі туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Мемлекеттік кірістер департаменті нақты жауап берді. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, мобильді аударымдарды бақылау заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталған екен. Өлшемшарты бір жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік үш айдың әрқайсысының ішінде жүз және одан да көп әртүрлі тұлғалардан кәсіпкерлік қызметті іске асыруға арналмаған банк шотына ақша қаражатын алуы болып саналады. 2025 жылдан бастап банктерден ақпарат ұсынылады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайлары тексеріледі.

“Бұл шара жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған, өйткені көптеген кәсіпкер тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлемді кәсіпкерлік қызметке арналмаған жеке шоттарға мобильді аударымдар арқылы қабылдайды", - дейді департамент өкілдері.

Бұдан басқа, қолданыстағы өлшемшарттан жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқығы бар тұлғаларды алып тастау бойынша өзгерістер енгізіліп жатқаны мәлім етілді.

"Сондай-ақ өлшемшартты "бір жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік үш айдың әрқайсысының ішінде жүз және одан да көп әртүрлі тұлғалардан банк шотына жалпы сомасы 3 ЕТЖ-ден асатын ақша қаражатын алуы" деп қабылдау ұсынылады (01.01.2024 жылғы жағдай бойынша 255 мың теңге)", - делінген хабарламада.
09 қаңтар 2025 ж. 165 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 118

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 106

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930