Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аударымға абай болайық

Аударымға абай болайық

Мобильді аударымдар күнделікті өмірімізге енгелі қаржылық мәселемізді тез арада шешуге мүмкіндік алдық. Дегенмен мобильді аударымдар бүгінде кейбір кәсіпкердің салық төлеуден жалтаруына әкеп соғуда.
Үкімет осы мақсатта мобильді ақша аударымдарын бақылауға алу туралы шешім қабылдады. Тиісті бұйрыққа 2022 жылы 29 наурызда қол қойылып, 2023 жылдан бастап екінші деңгейлі банктер банктік аударымдар туралы ақпаратты мемлекеттік органдарға беруге міндеттелді.
Жуырда аталған тақырып төңірегінде жиі қойылатын сұрақтарға аудан әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Темірлан Қожаназаров жауап берген еді.
Айтуынша, банктер жеке шот иелері туралы деректерді белгіленгенөлшемшарттарға сәйкес келген адамдар бойынша жібереді. Яғни жеке тұлғаның қатарынан үш ай ішінде әртүрлі тұлғадан жеке түрлі тұлғалардан жеке банк шотына ай сайын 100-ден аса аударым түссе, мәліметтер құзырлы мекемеге жолданады.
– Өлшемшарттар Қаржы министрінің 2022 жылғы 29 наурыздағы №323 бұйрығымен бекітілген. Бұйрықтың қолданыстағы ережелеріне сәйкес банктердің ақпараты өзге мәліметтерді таратпай жеке тұлғалардың ЖСН ғана қамтиды. Бүгінгі таңда Ұлттық банкпен бірлесіп, камералдық бақылау мақсаттары үшін аударым сомасы мен күні бойынша мәліметтерді толықтыру бөлігінде ұсынылатын ақпаратты кеңейту туралы мәселе пысықталуда. Осы бұйрық шеңберінде алынған ақпарат «Банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңының 50-бабына сәйкес банктік құпияға жатпайды, – дейді Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.
Спикер банктерден келетін ақпарат кезең-кезеңімен берілетіндігін атап өтті. Атап айтсақ, 2023 жылдан бастап – мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары бойынша (2022 жылдың қорытындысы бойынша), 2024 жылдан бастап – мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары бойынша (2023 жылдың қорытындысы бойынша), сондай-ақ 2025 жылдан бастап – жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайлары бойынша (2024 жылдың қорытындысы бойынша) беріледі. Ал халықтың қалған бөлігі бойынша (2025 жылдың қорытындысы бойынша) мәлімет 2026 жылдан бастап беріледі.
Бүгінде 2022 жылдың қорытындысы бойынша текмемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары бойынша ақпарат келіп түскен. Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы атап өткендей, бұл жоба жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға, сондай-ақ бизнестің қолданыстағы заңнамада қарастырылған салық міндеттемелерін орындауына бағытталған.
– Көптеген кәсіпкерлер тауарлар, қызметтер үшін төлемді жеке шоттарға (дүкендер, такси жүргізушілері және т.б.) мобильді аударымдар арқылы алады. Сонымен қатар аударымдар көбінесе чек берілмей қабылданады. Осыған байланысты кәсіпкерлерге кәсіпкерлік қызметке арналған шоттарға (бизнес-шоттарға) төлем қабылдауды ұсынамыз, – деді ол.
Сонымен қатар Темірлан Қожаназаров салық төлеушілердің бұзушылықтарына байланысты бақылау шараларын жүргізілетіндігін де жеткізді. Бақылау шаралары бірінші кезеңде екі бағыт бойынша жүргізілмек. Ал талдау жұмыстары келесі жылға жоспарланған. Оғанқызметті салық органдарында тіркеу, кірістерді төмендету сияқты жұмыстар кіреді.
– Жалпы камералдық бақылау салық төлеушілерге бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беруге бағытталған. Осыған байланысты анықталған бұзушылықтар туралы ақпараты бар хабарламалар жіберілетін болады. Егер салық төлеуші бұзушылықтармен келіссе, ол жеке кәсіпкерді тіркеуі немесе декларацияға кіріс сомаларын көрсете отырып  қосымша декларация тапсыруы керек (бұзушылық түріне байланысты). Егер салық төлеуші бұзушылықтармен келіспесе, ол растайтын құжаттарды қоса бере отырып, бұзушылықтардың жоқтығы туралы түсініктеме беруге құқылы. Хабарламаны орындамаған кезде салықтық тексеру тағайындалады, оның барысында банктерден шот бойынша толық ақпарат сұратылады және бұзушылықтардың болуы/болмауы туралы іс жүзінде шешім шығарылады. Айта кетейік, жеке кәсіпкерге тіркеусіз қызмет үшін 15-тен 150 АЕК-ке дейінгі айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген. Кірістерді жасырғаны үшін – төленбеген салықтар сомасының 200% мөлшерінде айыппұл (қайталанған жағдайда – 300%). Чек бермегені үшін – 15-тен 50 АЕК-ке дейін.Бақылау шаралары адал салық төлеушілерге әсер етпейтініне назар аударамыз – дейді Темірлан Нұрланұлы.
Жоғарыда айтылғандай, бақылау шаралары қызметті тіркеусіз жүзеге асыратын немесе кірістерді жасыратын кәсіпкерлерге ғана әсер етеді. Жеке тұлғалар өздерінің жеке мақсаттары үшін (туыстарына, достарына аударымдар, ата-аналар мен балаларға көмек, сондай-ақ басқа да өмірлік жағдайлар бойынша) мобильді аударымдар жасай алады және қабылдай алады. Бұл ретте мұндай аударымдарды декларациялаудың қажеті жоқ, өйткені олар жеке тұлғаның табысына жатпайды. Табыс алуға бағытталған аударымдар ғана декларациялауға жататындығын жадыңызда ұстаңыз.

Арайлым ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ

06 қаңтар 2024 ж. 427 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 76

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930