Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылан жылы жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды

Жылан жылы жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Айта кетсек, 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 627,6 мың қазақстандық қатысты. 496,2 мың адам жұмыспен қамтылып, оның 311,1 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 185,1 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында 15,5 мың адам, жастар практикасында 32,2 мың адам, қоғамдық жұмыстарда 108,4 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 9,5 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 417 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 19 мың адам жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 55,2 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 50,1 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 57,5 мың адам қамтылды, оның ішінде 36,6 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Қызмет саласын таңдау мақсатында 202,4 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін ағымдағы жылдың басынан халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК дейінгі (1 476 800 теңге) мөлшерде 8 941 грант берілді.


01 қаңтар 2025 ж. 174 0

Ерлікке тағзым

21 қаңтар 2025 ж. 47

Себет доп бәсекесі

21 қаңтар 2025 ж. 81

Ұшпа доптың ұшқырлары

21 қаңтар 2025 ж. 132

Болмыстағы баскетбол

21 қаңтар 2025 ж. 74

EXPORT-тағы бәсіміз қалай?

21 қаңтар 2025 ж. 70

Әр ісі үлгі көп жасқа

21 қаңтар 2025 ж. 140

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031