Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұйымшылдықтың үлгісін танытқан ұжым

Ұйымшылдықтың үлгісін танытқан ұжым

Әйтеке би кентіндегі №276 орта мектеп 2018 жылы ел игілігіне берілді. Білім ордасында 550 оқушы оқиды. Шәкірттерге 61 мұғалім сабақ береді. Олардың барлығы жоғары білімді, педагог-зерттеуші – 13, педагог-сарапшы – 11, педагог-модератор – 30, санатсыз – 7 мұғалім. 2024 оқу жылы мектеп бітірген 14 түлектің 8-і грант иегері атанды. Жанерке Жанахмет мен Ақбота Төремұрат «Үздік аттестат» иеленді.

Мектеп «Серіктес директорлар» лигасының жоспарына сәйкес «Ұлттық педагогика – мұғалімнің кәсіби дамуының темірқазығы» жобасы аясында «Абай. Толық Адам және Мен» тақырыбына бағытталып жоба аясында жұмыстар жасап келеді. 1-11 сыныптарға арналған жан-жақты дамыту бағытталған SEL бағдарламасының барысында қосымша іс-шаралар жасалып, өз деңгейінде жүргізілуде. Оқу-тәрбие үдерісінде әртүрлі оқушылардың әлеуметтік эмоционалдық дағдыларын қалыптастыруда әртүрлі салалар арқылы дамыта отырып, білім сапасын көтеруге дайындалған шетелдердің бағдарламасымен жұмыс жүргізілуде. Мектептің 50 пайызы жастар болғандық, білімділік, жарыс сайыстар, семинарлар өткізіліп тұрады, оларға қатысу көрсеткіші жоғары.
Білікті ұстаздан білімді шәкірт
Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан үлесі үшін мектеп директоры Мейрамбек Жұмашов Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар «QAZAQ BILIMI» республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журналы ұйымдастырған «Қазақстан педагог-зерттеушілері: үздік мақалалар, әдістеме және инновация» республикалық конкурсының «Үздік мақала» номинациясы бойынша І орын иеленді.
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасының аудандық және қалалық кезеңіне қатысқаны үшін Назкен Кемаладин сертификат алды. Республикалық «Ustaz enbegi» ғылыми-әдістемелік журналының ұйымдастыруымен өткен «Ілияс оқулары» байқауына оқушы қатыстырғаны үшін Назкен Кемаладин алғыс хатпен марапатталды. Осы байқауда Назкен Кемаладин жетекшілік еткен Ұлжан Бекмұрат, Нұрболат Шаймерден, Бақыт Абдуғазиз, Әлмұрат Фархад жүлделі орындарды жеңіп алды. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Ақбота» зияткерлік олимпиадасынан жүлделі 1 орын жеңіп алғандар Темірхан Айерке, Темірхан Жанерке, Орынбай Жанель, Бекмұрат Ұлжан, Жали Муслима, Шаймерден Нұрболат, Серікұлы Диас, Елубер Әлихан, Бақыт Абдуғазиз, Жеткерген Бексұлтан, Аюбай Берекет, Мырзабек Диана, Жанұзақ Әлібек те Назкен Кемаладиннің шәкірттері. Аталған зияткерлік олимпиадасында 7 «Б» сынып оқушылары Айзере Елтаева мен Маханғали Ақбота жоғары деңгейде білім сапасын көрсетті. Жетекшілері Дүзелбайқызы Әсел. «Абырой» ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен өткен республикалық «Мақатаев оқулары» байқауының жүлдегері Өтеген Айша, Жеткерген Хадиша дипломмен марапатталады. Жетекшісі Гүлзира Жолдыбаева. «Білім Айнасы» республикалық байқауында «Бояулар құпиясы» бойынша І орынды Хан-төре Сейілхан жеңіп алды. «QAZAQ QOGAM» республикалық байқауында сурет салу І дәрежелі дипломмен Тілеубай А, Қамбар А,Сейілхан Х,Өтеген A марапатталады. Оқушыларды шығармашылыққа баулыған ұстаз Г.Жолдыбаева алғыс хатпен марапатталады.
Ұлттық мектеп лигасы жарыстарының жоғары деңгейде өтуіне қосқан үлесі, жас ұрпаққа спорттық-патриоттық тәрбие беру жолында атқарған мінсіз қызметі үшін Нұркен Жұбатқан, «Білікті педагог – заман қажеттілігі» атты семинар-тренингте ұстаздардың нәтижелі білім алып, біліктілігін арттыруға септігін тигізгені және «TANYM KZ» жобасының «Инклюзивті білім беру» семинарын өткізуге үлес қосқаны үшін Раушан Қазбаева Алғыс хатпен марапатталады.
Орта білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында ұйымдастырылған облыс әкімінің жүлдесіне арналған «Сыр лигасы» жобасы аясында «Жігіттердің сұлтаны – 2024» сайысының облыстық кезініңде жүлделі ІІІ орынға мектептің «Бес қару» командасы ие болды. Орталық директоры Ф.Досаевтың дипломымен марапатталды. Жетекшісі Н.Құламетов.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде ІІІ орын иеленгені үшін Әбдінағи Бекарыс марапатталады. Мектеп оқушылары арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен өткізілген «Әскерге шақырылушы-2024» облыстық сайысын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Жұмашов Мейрамбек Алғыс хатпен марапатталды.
Мектеп оқушылары арасында өткізілген облыс әкімінің жүлдесіне арналған «Сыр лигасы» облыстық сайысының аудандық кезеңінде «Мобилография» сайысы бойынша Жеткерген Ерасыл жүлделі ІІІ орынға ие болып, дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Кеңшілік Өтегенов. «Жазғы сауықтыру лагерінде балалардың коммуникативтік дағдысын дамытуға арналған іс-шараларды ұйымдастыру жолдары» тақырыбында облыстық әдістемелік семинарына қатысқаны үшін К.Өтегенов сертификат иеленді. Сонымен қатар ізденімпаз ұстаз «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыруда кітап оқыту арқылы жас ұландардың тәлім-тәрбиесіне зор үлес қосып, «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған облыстық «Кітап оқы, ойға тоқы Жас Ұлан» жылдық акциясы аясында белсенділік танытып, тәлімгерлік қолтаңбасын қалдырғаны үшін Басқарма басшысының орынбасары Б.Бердаулетовтың алғыс хатымен марапатталды.
Білім беру саласының дамуына қосқан елеулі үлесі мен еліміздің болашақ иелеріне сапалы білім, өнегелі тәрбие берумен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін Жолдыбаева Гүлзира Құрмет грамотасымен марапатталады. «Жауқазын жүрек» І облыстық балалар шығармашылығын дамытуға арналған көшпелі әдеби алаңын ұйымдастыруға атсалысқаны үшін «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының алғыс хатымен жетекшісі Бақыткүл Есіркепова марапатталды.
Ауыл мектептеріне арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде Бақыткүл Есіркепованың оқушылары Жеткерген Зейнеп ІІ орын, Канадбекова Диана, Сәкенқызы Сымбат ІІІ орынмен марапатталды. Балалар шығармашылығы XIV облыстық «Ботақан» телефестиваліне белсене қатысып, ән жанры бойынша жақсы өнер көрсеткені үшін Алаш Алдаберген Дипломмен марапатталды.Жетекшісі: Тілеуберген Эльмира
Білім беру саласының дене шынықтыру мен спорт жүйесін дамытуға қосқан үлесі және спорттық жарыстарда жоғары деңгейде төрешілік жасағаны үшін Жұбатқан Нұркен марапатталады. Ғалым, тарихшы, әдебиетші Мұхаммед Хайдар Дулатидің 525 жылдығына арналған «Тарих және құқық негіздерін оқытудағы инновациялық технологиялар тақырыбында онлайн конференция жұмысына қатысқаны үшін Жамет Алдияр Сертификат иеленді. 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне Алғыс хатпе Әлима Алматқызы, «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының аймақтық кезкеңінің «Оқу сауаттылығы» аталымында ІІІ орынмен Алима Асқарова марапатталады.
Жоғарыда атап өткен ұстаздар мен шәкірттер республикалық, облыстық білім бәсекелерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Ал аудандық деңгейдегі сайыстар мен байқауларда бақ сынаған мектеп ұжымының жетістіктері де жетерлік. Мектеп директорларының инновациялық және кәсіби маңызды тәжірибесін анықтау және тарату,білім беру жүйесіндегі мәртебесін көтеру және кәсіби имиджді қалыптастыру мақсатында өткізілген «Бір мектеп – бір жоба» атты байқауда мектеп басшысы Мейрамбек Жұмашов «Үздік ашық сабақ» номинациясын иеленді. «Үздік директор – 2024» байқауында ІІІ орын иеленді.
Аудандық химия пәні олимпиадасында 9 сынып оқушысы Балнұр Жаңабай 3, 7 сынып оқушысы Айару Талапқызы юниорлық олимпиададан 2 орын иегері атанды. Жалпы білім беру ұйымдарындағы педагогтердің шеберлігін арттыру, үздік инновациялық педагогикалық тәжірибелерді тарату мақсатында аудандық «Үздік ҚМЖ – 2024» байқауда І орынды орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұргүл Тұякбаева иеленді. Ерекше жандардың шығармашылығына арналған ХІ облыстық «Жүрек жылуы!» конкурсына өнерпаз балаларды дайындап, жоғары деңгейде қатысуына белсенділік танытқаны үшін Гүлсая Төрекелді алғыс хатпен марапатталады. Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі Шалбулова Күлжахан атындағы аймақтық бастауыш сыныптар олимпиадасында 4-сынып оқушысы Даниэль Казиев алғыс хат иеленді. Даниэль жетекшісі Лайла Байдулдаева.
«AMANAT» партиясының «Кедергісі келешек» жобасы аясында өткізілген балаларға арналған «Тең мүмкіндіктер» инклюзиялық спорт фестивалінде «Үздік жаттықтырушы» номинациясымен Таңшолпан Қаниева марапатталды. Республикалық «Жаңашыл ұстаз» баспасының ұйымдастыруымен оқушылар арасындағы «Нұрлы жас буын» байқауына үздік жұмысын Таңшолпан Қаниеваның жетекшілігімен ұсынған Кәусар Шерали І дәрежелі дипломмен марапатталды. «Мен және менің тазым» республикалық суреттер байқауының аудандық кезеңінде «Құмай тазы-аңда» номинациясы бойынша Гүлсезім Ямшит екінші орын, Әділбек Кеңесбек алғыс хатпен марапатталды Жетекшісі Ләззат Мұратбаева. Пәндік олимпиададан 7-сынып оқушысы Айда Ершора алғыс хат Айданың апай Аңсаған Тілегенова.
2024-2025 оқу жылындағы 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде қазақстан тарихынан пәні бойынша Жанасыл Жеткерген үшінші, Ерасыл Жеткерген екінші, Елжан Бекмырза үшінші орын иеленді. Жүлделі екі шәкірттердің жетекшісі Р.Казбаева. Аудандық 9-11 сыныптар арасындағы жалпы білім беретін пәндер олимпиадасынан қазақстан тарихынан Бегімсұлу Жұмахмет алғыс хат иеленді. Жетекшісі Жәмет Алдияр.
Ауыз толтырып айтар жетістіктері көп ұжымның әлі талай жеңісі мен бағындырған биігі газет бетіне қатталмады. Талай додада озық шығып, топ жарған ұстаздар мен шәкірттер шоғырланған білім ошағында игілікті істер атқарылып келеді.
Мектеп территориясына көркейту-көгалдан­дыру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Сонымен бірге жыл сайын көшеттер отырғызылады. Бүгінде көшеттер саны 1000-нан асты. Мектептің айналасын таза ұстау, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру барысында «Таза Қазақстан» акциясына, экологиялық шараларға белсене атсалысатын ұжым ұйымшылдықтың үлгісін көпке танытып жүр.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
31 желтоқсан 2024 ж. 210 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 115

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 114

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 111

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 98

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930