Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қар, көктайғақ, тұман»: Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

«Қар, көктайғақ, тұман»: Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі.
Фото: Pixabay
Синоптиктер 27 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.
Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Түркістанда да түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Оралда да көктайғақ, тұман болады деп болжанады.
Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады деп күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Көкшетауда таңертең және күндіз жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Атырауда да түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Жарма ауданында 23-28 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде және таңертең өңірдің шығысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі.
27-29 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ойысады, 27 желтоқсанда облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, 28-29 желтоқсанда облыстың таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Таразда 27-29 желтоқсанда кей уақыттарда тұман болады.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні15-20 м/с қамтиды. Қостанайда да күндіз бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады, күндіз бұрқасын болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Петропавлда күндіз бұрқасын болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.


27 желтоқсан 2024 ж. 48 0

Байқаңыздар, балақай!

28 желтоқсан 2024 ж. 39

Форум: Прогресс һәм жастар

28 желтоқсан 2024 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031