Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қатты аяз болады: Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қатты аяз болады: Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Астанада 22 желтоқсанда кей уақыттарда жаяу бұрқасын болады.
Фото: baq.kz
22 желтоқсанда Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде облыстың таулы аудандарында 25-26 градус қатты аяз болады деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
22 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Оралда 22 желтоқсанда тұман түсіп, көктайғақ болады.
22 желтоқсанда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
22 желтоқсанда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 25 градус қатты аяз болады.
Қонаевта 22 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түседі.
22 желтоқсанда күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күңдіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Қарағандыда 22 желтоқсанда күндіз жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
22 желтоқсанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі.
Жезқазғанда 22 желтоқсанда тұман түседі.
22-24 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 22 желтоқсанда облыстың таулы аудандарында, 23-24 желтоқсанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Таразда 22-24 желтоқсанда кей уақытта тұман түседі.
22 желтоқсанда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
Ақтауда 22 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
22 желтоқсанда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанайда 22 желтоқсанда жаяу бұрқасын соғады.
22 желтоқсанда түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.
Қызылордада 22 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.
22 желтоқсанда Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады.
22 желтоқсанда Абай облысының оңтүстік-батысында, шығысында тұман түседі.
22 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.
Петропавлда 22 желтоқсанда жаяу бұрқасын соғады.
22 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 22 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түркістанда 22 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түседі.
22 желтоқсан 2024 ж. 170 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 126

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930