Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда еуропалық такси компаниясы пайда болмақ

Қазақстанда еуропалық такси компаниясы пайда болмақ

Bolt еуропалық компаниясы Қазақстан нарығына қызығушылық танытты. Мұны көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.
Сөзінше, енді Bolt эстониялық компаниясының таксилері нарыққа енуі мүмкін.

"Халықаралық агрегаторлар тарапынан қызығушылық бар. Мысалы, бізге Еуропада өте танымал эстониялық Bolt компаниясы келді. Бұл – Яндекстің аналогы. Олар біздің нарыққа қызығушылық танытып, хабарласты. Егер компания біздің нарыққа шығуға шешім қабылдаса, біз мұны қолдаймыз. Өйткені кез келген бәсекелестік қызмет алушы үшін бағаның төмендеуіне әкеледі", – деді Қарабаев үкімет брифингінде.

Оның айтуынша, Қазақстандағы такси нарығы бәсекеге қабілетті. Қазір "InDriver" қалаішілік тасымалдауға, ал "Яндекс" облысаралық тасымалдауға көшіп жатыр. Сондай-ақ Шымкент пен Өскеменде танымал бірқатар компаниялар бар.

Осыған байланысты министр такси жүргізушілеріне белгілі бір бағаны енгізу дұрыс емес деп санайды.

"Екінші жағынан, агрегаторлардың қызметін тексеруге болады. Агрегаторлар цифрландыру немесе көлік саласындағы уәкілетті органға
толық ақпарат береді, осылайша біз бағаны қарбалас уақытта емес, әдейі жасанды түрде көтерген кезде белгілі бір шаралар қабылдай аламыз. Менің ойымша, АЗРК әрекет етуі керек", – деп түсіндірді Қарабаев.

Бұған дейін көлік министрлігі такси бағасын төмендете алмайтынын айтты.

20 тамыз 2024 ж. 177 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031