Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан нарығына тағы бір такси компаниясы кірмек

Қазақстан нарығына тағы бір такси компаниясы кірмек

Фото: банки.ру
Bolt еуропалық компаниясы Қазақстан нарығына қызығушылық танытты. Мұны көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ведомство басшысының сөзінше, енді Bolt эстониялық компаниясының таксилері нарыққа енуі мүмкін. 
"Халықаралық агрегаторлар тарапынан қызығушылық бар. Мысалы, бізге Еуропада өте танымал эстониялық Bolt компаниясы келді. Бұл – Яндекстің аналогы. Олар біздің нарыққа қызығушылық танытып, хабарласты. Егер компания біздің нарыққа шығуға шешім қабылдаса, біз мұны қолдаймыз. Өйткені кез келген бәсекелестік қызмет алушы үшін бағаның төмендеуіне әкеледі", – деді Қарабаев үкімет брифингінде.
Оның айтуынша, Қазақстандағы такси нарығы бәсекеге қабілетті. Қазір "InDriver" қалаішілік тасымалдауға, ал "Яндекс" облысаралық тасымалдауға көшіп жатыр. Сондай-ақ Шымкент пен Өскеменде танымал бірқатар компаниялар бар.
Осыған байланысты министр такси жүргізушілеріне белгілі бір бағаны енгізу дұрыс емес деп санайды.
"Екінші жағынан, агрегаторлардың қызметін тексеруге болады. Агрегаторлар цифрландыру немесе көлік саласындағы уәкілетті органға толық ақпарат береді, осылайша біз бағаны қарбалас уақытта емес, әдейі жасанды түрде көтерген кезде белгілі бір шаралар қабылдай аламыз. Менің ойымша, АЗРК әрекет етуі керек", – деп түсіндірді Қарабаев.
20 тамыз 2024 ж. 198 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930