Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 25-26 градус аяз болады: 22 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

25-26 градус аяз болады: 22 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Астанада кей уақыттарда жаяу бұрқасын болады.
25-26 градус аяз болады: 22 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
«Қазгидромет» еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 
Синоптиктердің болжамы бойынша, 22 желтоқсанда Астанада кей уақыттарда жаяу бұрқасын болады.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде облыстың таулы аудандарында 25-26 градус қатты аяз болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Оралда тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 25 градус қатты аяз болады.
Қонаевта түнде және таңертең тұман түседі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күңдіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Қарағандыда күндіз жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі.
Жезқазғанда тұман түседі.
22-24 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады.
Таразда 22-24 желтоқсанда кей уақытта тұман түседі.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қостанайда жаяу бұрқасын соғады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.
Қызылордада түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады.
Абай облысының оңтүстік-батысында, шығысында тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.
Петропавлда 22 желтоқсанда жаяу бұрқасын соғады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын болады. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.
Түркістанда түнде және таңертең тұман түседі.
22 желтоқсан 2024 ж. 71 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031