22 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
22 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Шымкент қаласында 22 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістан қаласында 22 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
22 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қаласында 22 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі.
22 желтоқсанда Абай облысының оңтүстік-батысында, шығысында тұман күтіледі.
22 желтоқсанда Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.
22 желтоқсанда түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Қызылорда қаласында 22 желтоқсанда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
22 желтоқсанда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ: 22 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі.
22 желтоқсанда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Ақтау қаласында 22 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
22-24 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 22 желтоқсанда облыстың таулы аудандарында, 23-24 желтоқсанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қаласында 22-24 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
22 желтоқсанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Жезқазған қаласында 22 желтоқсанда туман күтіледі.
22 желтоқсанда күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Қарағанды қаласында 22 желтоқсанда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
22 желтоқсанда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 25 градус қатты аяз күтіледі. Қонаев қаласында 22 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Астана қаласында 22 желтоқсанда кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі.