Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Су саласында заңбұзушылықтарға жол берген басшылар қызметінен босатылды

Су саласында заңбұзушылықтарға жол берген басшылар қызметінен босатылды

Су саласында заңбұзушылықтарға жол берген басшылар қызметінен босатылдыФото: Halyq Uni
Су ресурстары және ирригация министрлігі жүргізген тексеріс нәтижесінде 29 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ақпаратқа сәйкес, жыл басынан бері Ішкі аудит департаменті судың «көлеңкелі» нарығымен, су саласындағы заңсыз әрекеттермен күресу мақсатында 9 айда 11 мекемеге аудиторлық тексеру жүргізген.
Жамбыл облысы бойынша «Қазсушар» филиалына жүргізілген тексеріс барысында су ресурстарын заңсыз пайдаланудың 10-ға жуық фактісі мен шаруалармен суармалы су беру келісімшарттарын жасау барысында заңбұзушылықтарға жол берілгені анықтаған болатын.
Аудит қорытындысы бойынша мекеме басшысы мен Аса өндірістік аймағының басшысы қызметінен босатылды. Бұдан бөлек, филиал директорының орынбасары мен Қордай, Байзақ, Меркі өндірістік аймақтарының басшылары қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – делінген министрлік хабарламасында.
Департамент директоры Ғалымжан Молдаштың айтуынша, аудит қорытындысы бойынша анықталған барлық заңбұзушылыққа қатысты материалдар Бас прокуратураға жолданған. Сондай-ақ, министрліктің құзыретті құрылымдары мен ведомстволарына ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.
09 желтоқсан 2024 ж. 316 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930