Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шетелден қайтарылған ақшаға жатақхана салынады

Шетелден қайтарылған ақшаға жатақхана салынады

Үкімет шетелге заңсыз шығарылған активтер есебінен Шымкент қаласындағы «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжіне» жатақхана салынатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Фото: primeminister.kz

300 орындық жатақхана құрылысына 2,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген.
Жобада ұлдар мен қыздарға арналған бөлек блоктар, медициналық блок, асхана, ойын бөлмелері салынады деп жоспарланған.

Үкімет мәліметінше, бүгінде «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі» арнайы кешенінде 363 адам оқып жатыр. Жаңа ғимараттың құрылысы 120 оқушыға арналған жатақханадағы орын тапшылығын жояды.

Қазір қолданыстағы жатақхана 1975 жылы салынған. Орын тапшылығына байланысты оқу орнындағы кейбір кабинеттер балаларға арналған жатын бөлмелер ретінде пайдаланылып келген. Ал 67 оқушы үйде оқуға мәжбүр болған.
Жаңа жатақхана заманауи үлгіде салынып, балалардың білім алып, жайлы өмір сүруін қамтамасыз етпек.
04 желтоқсан 2024 ж. 199 0

Оңалтудың үйлесімді орталығы

23 желтоқсан 2025 ж. 117

Түнгі қонақ

23 желтоқсан 2025 ж. 125

Маңызды мәселелер қаралды

23 желтоқсан 2025 ж. 124

Жол түзелмей, ел түзелмейді

23 желтоқсан 2025 ж. 124

Тұрғындарға тиімді баға

23 желтоқсан 2025 ж. 118

Жаңа жылға – жаңа нысан

23 желтоқсан 2025 ж. 120

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031