Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Банктер өз шығындарын үнемі клиенттің мойнына артып келеді – Аймағамбетов

Банктер өз шығындарын үнемі клиенттің мойнына артып келеді – Аймағамбетов

Телеграм/ AIMAGAMBETOV
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов картадан басқа картаға ақша аударғаны үшін ұсталынатын 150 теңге комиссия ақысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Депутат бұл туралы өзінің Телеграм-арнасында жазба жариялады.
Депутат картадан басқа картаға ақша аударғаны үшін комиссия 150 теңге болғанын жеткізді. Сондай-ақ жаңа Салық кодексі жобасында ұсынылған норма қабылданса, мұндай аударымдар шамамен 12%-ға қымбаттауы мүмкін екенін де атап өтті.
“Бұл – Экономика министрлігінің төлем операцияларын ҚҚС-қа (НДС) салуға қатысты жоспары. Пластикалық карточаларды пайдалану, карточадан карточкаға аударымдар, шоттан шотқа аударымдар, төлемдер мен банктік қызметтер айтарлықтай қымбаттауы мүмкін. Экономика министрлігі бұл шығындарды банктер өздері жабады деп мәлімдейді, бірақ ашығын айтсақ – бұл шындыққа жанаспайды. Банктер ешқашан шығындарды өз есебінен жауып қалмайды. Олар міндетті түрде бұл шығындарды клиенттердің мойнына артатын болады. Өйткені банктер – қайырымдылық ұйымдары емес”, деді Аймағамбетов.
Мәжілістегі комитет төрағасы бұл нормаға Ұлттық банк, Қаржыгерлер қауымдастығы, сарапшылар, тіпті «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы да қарсы шыққанын айтты. Соған қарамастан, Экономика министрлігі бұл норманы Салық кодексі жобасына қосып жіберген.
“Мұндай өзгерістер тек біздің шығындарымызды көбейтіп қана қоймайды, сонымен қатар қаржы жүйесіне деген сенімді де әлсіретеді. Бұл бастама әрбір азаматқа әсер етеді. Біз бұл норманы өзгерту үшін өз түзетулерімізді енгіздік”, деген депутат халықтың мойнына осындай салық жүктеуді әділ деп санауға бола ма деген сауал тастады.
Бұл ретте депутат бюджет тапшылығы мәселесін шешу үшін ең алдымен бюджеттің басым емес шығындарын қысқарту, артық жеңілдіктерді жою, сондай-ақ артық табыс тауып отырған салаларға, оның ішінде банктерге салынатын корпоративтік табыс салығын арттыру арқылы әрекет ету қажеттігін алға тартып отыр.
30 қараша 2024 ж. 151 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930