Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Картадан картаға жасалатын аударымдарға салық салына ма – Экономика министрлігі түсіндіріп берді

Картадан картаға жасалатын аударымдарға салық салына ма – Экономика министрлігі түсіндіріп берді

БАҚ-та қазақстандықтардың картадан картаға жасалатын аударымдарға 12 пайыз мөлшерінде қосылған құн салығы салынатыны туралы ақпарат пайда болды. Мұндай норма жаңа Салық кодексінің жобасында бар деп айтылған. Жағдайға қатысты Ұлттық экономика министрлігі түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: exclusive.kz
29 қарашада карта аударымдарына қосылатын құн салығы салынатыны туралы мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов өз телеграм арнасында жазған болатын.
“Банктер өз қызметтері үшін клиенттерден алатын комиссияларға салық салу (ҚҚС) жөнінде айтып отырмыз. Мысалы, картаны шығару үшін немесе аударымдар үшін банк алатын комиссиялар. Жаңа Салық кодексінің жобасында екінші деңгейдегі банктердің қаржылық операцияларына қолданыстағы жеңілдікті жою жөніндегі норма ұсынылады. Азаматтар жүзеге асыратын аударымдардың өзіне салық салынбайды”, – делінген хабарламада.
Бұл норма азаматтардың аударымдарының өздеріне емес, осындай қызметтерді көрсету бойынша банктердің табыстарына салық салуды көздейтіні нақтыланады.
"Сонымен қатар, барлығы білетіндей, бір банктің ішіндегі ақша аударымдары комиссиясыз жүзеге асырылады. Тиісінше, мұндай жағдайларда салық болмайды. Мысалы, егер банк клиенттен 100 теңге көлемінде комиссия алса, осы комиссиядан 12 теңге банк қосылған құн салығы түрінде төлеуге тиіс", - деп толықтырды Ұлттық экономика министрлігі.
Егер бір банктің ішіндегі ақша аударымдары комиссиясыз жүзеге асырылса, тиісінше мұндай жағдайларда салық салынбайды.
“Жаңа Салық кодексінің жобасы талқылау сатысында тұрғандығын еске сала кетейік. Ұсынылған нормалар Парламентте, бизнес-қоғамдастықпен және жұртшылықпен талқылануда. Кодекстің соңғы жобасы 2025 жылы қабылданады”, – дейді министрліктен.

30 қараша 2024 ж. 73 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031