Қар, тұман: ертең еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жарияланды
Фото: istockphoto.com
"Қазгидромет" синоптиктері 1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Жел батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Алматы қаласында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, түнде облыстың солтүстігінде көктайғақ күтіледі.
Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с.
Шымкент қаласында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Астана қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.