Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Отыз жылдық белес

Отыз жылдық белес

Мерекелік шараға аудандағы бар­лық шақырылымдардың мәслихат хатшылары мен төрағалары, депутаттары, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Аудан басшысы жиналған қауымды Қазақстан мәслихаттарының 30 жыл­­­­дығымен құттықтап, Қазалының әлеуметтік-эконо­мика­лық жетіс­тік­теріне тоқталды.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен соңғы жылдары еліміз үшін аса маңызды саяси реформалар жүзеге асып, өз жемісін беруде. Президентіміздің, Үкіметтің, аймақ басшысының қолдауымен Қазалы өңірінде мақсатты бастамалар қолға алынып, ауқымды жобалар жүзеге асуда. Өткен жылы аудан бюджеті 13,6 млрд теңгені құраса, биылғы 10 айының қорытындысымен 18,6 млрд теңгеге жетіп, аудан бюджеті 36,7 пайызға өсті. Әрбір салада аудан халқының игілігі үшін ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі күнге дейін жеткен әрбір жетістіктеріміз осы кезге дейінгі ауданды басқарған басшылар мен қызметкерлердің, мәслихат хатшылары мен төраға­ларының, депутаттардың, елге жанашыр азаматтардың бірлесе атқарған жұмыстарының оң нәтижесі деп білемін, – деді аудан басшысы.
Жиында өңірдің әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық дамуына қосқан үлесі, ел мүддесі жолында атқарған еңбегі үшін бірқатар азаматтар мен барлық шақырылымның мәслихат депутаттары аудан әкімінің мерекелік Құттықтауы және «Қазақстан мәслихаттарына – 30 жыл» төс­белгісімен марапатталды.
Марапаттау рәсімінен кейін «РЗА»АҚ-ның президенті Самұрат Имандосов, аудандық мәслихаттың ең алғашқы және 2-3-ші шақыры­лымдарының хатшысы Бибайша Тілеубергенова, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Талайлы Бөріқұлақов барша мәслихат депутаттарын мерекемен құттықтады.
Мерекелік салтанатты шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдар­лама­сына ұласты.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
30 қараша 2024 ж. 195 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 126

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930