Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда зәйтүн мен банан өсіру жобалары кеңейтілуі мүмкін

Қазақстанда зәйтүн мен банан өсіру жобалары кеңейтілуі мүмкін

"Біз эксперимент жүргіздік, жақсы көрсеткіштер бар".
Фото: сanva.com
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Қазақстан аумағында зәйтүн мен банан өсіру жобаларына қатысты пікір айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Министрдің айтуынша, Түркістан облысында мың тоннаға жуық банан өндіруге бағытталған инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Бұл Қазақстан Республикасына импортталатын жалпы бананның шамамен бір пайызын құрайды.

"Қазіргі кезде баға конъектурасын, өнімді жеткізу шығындарын ескере отырып, бұл банан құны ішкі нарықтағы бағамен бәсекеге қабілетті болуы мүмкін. Тіпті, елімізде өсірілген осы өнім жылдам сатылып кетеді деген жарнама айтылып жатыр, яғни ірі сауда орындары ірі көлемде алуға мүдделі екен. Мәселен, Ресей Федерациясы біздің климаттық жағдайда жеке компанияның банан сияқты бәсекеге қабілетті өнім өсіруі тәжірибесіне назар аударып отыр", – деді А. Сұлтанов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, Түркістан облысында зәйтүн өсіру бойынша жоспар бар.
"Мұнымен қоса, батыста да зәйтүн ағашын өсіруге арналған инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Біз эксперимент жүргіздік, жақсы көрсеткіштер бар", – деді вице-министр.

28 қараша 2024 ж. 32 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930